ҚАРАТӨБЕДЕ ШЕГІРТКЕ ҚАПТАП КЕТТІ
Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы Шора қыстағында шегірткелер қаптап кеткені туралы видео таралды. Бірақ,ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекцияциясы шегірткеден төнген қатер жоқ екенін айтады. Өйткені соңғы он жылда улау жұмысы жолға қойылып, дәріленетін аумақ еселеп азайған.
Бұрын 800 мың гектар жерді өңдесе, қазір 72 мың гектардан аспайды. Ал жұртты шошытқан шегіртке әлі кішкентай, тіпті ұша алмайды. Сондықтан улау жұмыстары жоспарға сай жүргізіледі.
Шегіртке табылған аумаққа арнайы мамандар аттандырылған. Батыс Қазақстан облысын дүрліктірген шегірткелер Ақтөбеден келген көрінеді. Осы өңірдегі аумақтық инспекцияның өкілдері алаңдауға еш негіз жоқ деп сендірді.
– Екі маманымыз соның басында және өңдеуге келіп жатқан мердігерлерді жібердік. Кеште олар барып, таңғы сағат 4.00-де химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп тастады,- деді ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің бқо аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу