АРАНДАТУДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ
Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен азамат К.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, сот залында қамақтан босатты.

Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен К. «кептірілген марихуана» есірткі затын заңсыз өткізді деп танылып, ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазасын өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. Бірақ, сотталған К. мен оның қорғаушысы, сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым келтірген болатын.
Батыс Қазақстан облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, іс материалдарына сай, К. «марихуана» есірткі затын сақтап, оған қатысты жасалған жасырын тергеу әрекеттері (бақылатын сатып алу) барысында салмағы 3,64 гр. «кептірілген марихуана» есірткі затын полиция қызметкерлерімен тартылған С. есімді куәгерге (лақап аты ) 4000 теңгеге сатқан. Алайда, іс материалдарын апелляциялық сатыда зерттеу бұл факті бойынша жедел қызметтер тарапынан арандату орын алғанын көрсетті. Атап айтқанда, сот отырысы барысында жедел қызметкерлер тартқан куәгер С. сотталушы К.-ға бір күннің ішінде 5 рет телефон шалып, одан табанды түрде және бірнеше рет есірткі сатуды сұраған.
К. істі бірінші сатыда қарау барысында да, апелляциялық сатыда да есірткіні жеке өзінің пайдалануы үшін сақтағанын, оның сатуға (өткізуге) ниеті болмағанын, куәнің бірнеше мәрте табанды түрде есірткі сатуды сұрап, бірнеше рет телефон шалғасын, яғни оның тікелей әсер етуі салдарынан ғана есірткіні сатқанын мәлімдеді. Іс бойынша К.-ның есірткіні полиция қызметкерлерінің араласуынсыз сатқаны немесе бұндай әрекеттерді басқа тұлғаларға қатысты жасағанын растайтын басқалай дәлелдемелер жоқ. Іс материалдарында К.-ның есірткі сатуға қатысы барлығын айқындайтын қажетті негіздер жоқ.
Істі апелляциялық тәртіппен қараған қылмыстық істер жөніндегі алқа, іс материалдарын толық зерттеп, тараптардың уәждерін тыңдап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп, К.-ның әрекеттері ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігіне қайта дәрежеленді, яғни ол есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Ал бұл құқық бұзушылық, ҚК-нің 10-бабының талаптарына сай, қылмыстық теріс қылық болып табылатындықтан, оған 160 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.
Азамат К.-ның 8 айға жуық мерзімі қамақта болғаны ескеріліп, тағайындалған жаза өтелген деп есептелді. Ол сот залынан босатылды.
Бірінші сатыдағы сот үкімінің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Осылайша, облыстық соттың соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы азамат К.-ның бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу