ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН 9 САЯСИ ҚЫЗМЕТШІ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Президент жүктеген жемқорлыққа қарсы саясатты жаңғырту бағытын жалғастыруда.
Бір жыл бұрын қабылданған отставкаға кету және бағыныштылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы нормалар бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілген. Атап айтқанда, 9 саяси қызметші отставкаға кетіп, түрлі деңгейдегі 33 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы 14 саяси қызметшінің отставкаға кетуі күтілуде.
Антикордың жедел-тергеу жұмысы бойынша есептік кезеңде 2140 қылмыс тіркелген. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары 15 пайызға артса, жүйелі жемқорлықтың 102, бизнес істеріне заңсыз араласудың 154 фактісінің жолы кесілген.
Өтелген залал сомасы өткен жылдардың жылдық көрсеткіштерінен біршама асып, 39,5 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда бұл басты басымдық.
9 айда жемқорлық үшін республикалық деңгейдегі – 34, облыстық – 72, қалалық және аудандық деңгейдегі – 89 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылган.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу