Арал теңізін сақтап қалуға мүмкіндік туған
Ұлттық құрылтай барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласының мәдени инфрақұрылымын дамытуға қатысты маңызды бастамаларды жариялады.
Президенттің айтуынша, алдағы уақытта өңірде жаңа Драма театрының құрылысы қолға алынады. Мемлекет басшысы бұл нысанның құрылысын биыл бастауды тапсырды.
Сонымен қатар Қызылордаға заман талабына сай, оқырманға қолайлы жаңа кітапхана салу қажеттігі де атап өтілді. Президент бұл мәселені бұған дейін зиялы қауым өкілдерімен кездесулерде көтергенін айтып, аталған нысанның құрылысы да биыл басталуы тиіс екенін нақтылады.
Ұлттық құрылтайда Арал теңізінің тағдыры да кеңінен қозғалды. Мемлекет басшысы жылдар бойы жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Солтүстік Арал теңізін сақтап қалуға мүмкіндік туғанын атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, теңізді қалпына келтіру жобасының басталғанына бес жыл толған. Президент Арал өңірінің экожүйесін қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастырудың маңызын ерекше атап өтіп, бұл іске халықаралық қауымдастықты кеңінен тарту қажет екенін жеткізді. Бұл мәселе тек аймақтық емес, жаһандық экологиялық проблемалардың бірі екенін де баса айтты.
Нұрай Серікбай оқиғасына қатаң баға берді
Ұлттық құрылтай барысында Мемлекет басшысы Нұрай Серікбайдың қайғылы қазасына байланысты қоғамда туындаған алаңдаушылыққа да тоқталды. Президенттің айтуынша, аталған жағдайға байланысты Ұлттық құрылтайға 130-ға жуық хат келіп түскен. Қасым-Жомарт Тоқаев күдіктінің тарапынан қоқан-лоқы жасалғаны анықталғанын айтып, бұл әрекеттің адам өліміне әкеп соққанын атап өтті. Осыған орай Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырғанын жеткізді.
Президент сөзінде қыз алып қашу мәселесіне де тоқталып, оны адам ұрлау деп ашық атады. Бұл – ұлттық құндылықтарға қайшы, қоғамға нұқсан келтіретін ауыр қылмыс екенін айтып, мұндай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайтынын қадап айтты.
«Жайық үні»
Толығырақ газетіміздің №4 номерінен оқи аласыздар
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру