8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2019 2047 0
Өзек

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН 184 КӨЛІК ШЫҒАРЫЛДЫ

25 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы аумағында ауа райының бұзылуына байланысты дабылды ескерту жарияланып, «Қазавтодор» ЖШС облыстық филиалы бірқатар жолдардың жабылғанын хабарлаған болатын. БҚО ТЖД белсенді жұмыс жүргізіп дабылды ескерту, жолдардың жабылуы туралы обылс тұрғындарын ақпараттандырды. Атап өту керек, жыл басынан бері БҚО ТЖД бірыңғай диспетчерлік кезекшілік басқармасы арқылы 56 СМС-хабарлама жіберілген.

Дегенмен, автожүргізушілердің барлығы бірдей құтқарушылардың ескертулеріне құлақ аса бермейді. Салдарынан түрлі жағдайларға тап болуда.

Мәселен, 24  қаңтар күні сағат 16.30 бен 23.45 аралығында Жәнібек ауданы Ақоба ауылының маңында «Ақоба-Жәнібек» тасжолының 15-25 шақырымы аралығында төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің күшімен екі жеңіл көлік, УАЗ маркілі екі жолаушылар көлігі тазартылған жол бөлігіне шығарылған. Ішінде 23  адам болған.

25 қаңтар түнгі 00.00-де Сырым ауданында «Жымпиты-Ақсай» автотрасасының 10-шы шақырымында Төтенше жағдайлар қызметінің 12 бөлімінің күшімен 1 жеңіл көлік шығарылды. Салонында 3 адам болған.

БҚО ТЖД баспасөз қызметкері Жәдігер Құсайыновтың мәліметінше, жыл басынан бері қар құрсауынан 184 көлік шығарылып, 201 адамға көмек көрсетілген.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
40 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»