Апталыққа атсалысайық!
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-сі 18-22 сәуір аралығын «Ұлттық құндылықтар апталығы» деп жариялады.
Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адами құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Осы орайда БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін 18-22 сәуір аралығын «Ұлттық құндылықтар апталығы» деп жоспарлаған еді. Апталықтың мақсаты қала тұрғындарына салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және мерекелік ән-шашу сыйлау. Айталық, жасыл тынымбақта облыс тұрғындары арасында асық ату, арқан тартыс сынды ұлттық ойындардан жарыс және мерекелік ән шашу кеші өтсе, 19 сәуір күні Н. Островский атындағы орыс драма театры алдында гір көтеру, қол күресі ұлттық ойындары болды. «Gracia» шығармашылық шеберханасының қатысуымен көрме өтті.
Бүгін, 20 сәуір күні 16.00де «Рухани жаңғыру» музейінде тақия тігу, құрақ құраудан шеберлік сағаты болады. 21-22 сәуір күндері қала тұрғындарына мерекелік көңіл–күй сыйлаймыз. Сонымен қатар сауда үйлерінде, супермаркет, базарларда, саябақтарда қала тұрғындарына салт-дәстүр бойынша сұрақ қоямыз. Салт-дәстүрімізді жаңдандыру мақсатында шаралар өткіземіз.
Гүлнұр ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
БҚО жастармен жұмыс жөніндегі жастар ресурстық орталығының ақпараттық бөлім басшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру

Пікір үстеу