8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Шілде 2022 1700 0
Оқиға

Қант жеймін деп қармаққа түсті…

Арзан қант сатып аламын деп алаяқтарға алданып қалу деректері жиілей бастады. Халықтың қант қанша қымбаттаса да, сатып алуға әзір екенін алаяқтар да жақсы біледі. Қазір ондайлар интернет арқылы түрлі хабарландыру беріп, аңқау елді алдап, табыс тауып жатқан көрінеді. Мәселен, 1993 жылғы облыс тұрғыны 60 қапшық қант әперемін деп 1986 жылғы азаматшаны алдап, 1 млн теңге көлемінде қаражатын алған. Дәл осы азамат тағы бір тұрғыннан 20 қапшық қант әперемін деген желеумен 320 000 теңгесін алған. Аталған күдіктінің басқа да алаяқтық фактілерге қатысы бары белгілі болды. 2022 жылдың мамыр айының басында аталған күдікті астық сатамын деп 1965 жылғы тұрғынның сеніміне кіріп, 4 405 000 теңге сомасындағы ақшасын иемденген.
10 -шы маусым күні алдау жолымен қой сатып аламын деген сылтаумен 1977 жылғы азаматтың 1 140 000 теңге сомасындағы қаражатын иемденген. 2020 мен 2022 жыл аралығында алдау жолымен Ресей Федерациясынан жер учаскесін сату және автокөлік сатып алу бойынша 1994 жылғы азаматтан 8 000 000 теңге сомасында ақша алған. Сондай-ақ 2001 жылғы азаматқа жүргізуші куәлігін жасап беремін деп 150 000 теңге ақшасын алған. Қант жейміз деп қармаққа түсіп қалмаңыз, ағайын!
Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»