ҚАНДАСТАР АНА ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ
Оралда «Аltyn kópir» атты халықаралық фестиваль басталды. Бір апта бойына Ресей Федерациясындағы Самара, Саратов, Орынбор, Қорған облыстарының жастары Ақ Жайық өңірінде қазақ тілін оқыту курстарына қатысады және Оралдағы тарихи-мәдени нысандарға сакральды орындарға экскурсия ұйымдастырылмақ.
Аltyn kópir» фестивалі 2019 жылы бастау алды. Фестиваль мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтау, рухани және тарихи-мәдени мұраны нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру арқылы Батыс Қазақстан облысына шекаралас орналасқан Ресей Федерациясы облыстарындағы қазақ жастарымен тығыз мәдени-әлеуметтік байланыс орнату, оларға ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.
БҚО тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Ғаниева атап өткендей, алғашқы жылы Ресейден келген 30 жас үшін бір апталық лагерь ұйымдастырылған болатын. 2020 жылы фестиваль онлайн түрде ұйымдастырылып, 80 жас сабақ алды. Биыл Ресей Федерациясының Самара, Саратов, Орынбор, Қорған облыстарының жастары қатысуда. 2 қыркүйекте олар Оралға ат басын тіреп, «Атамекен» орталығына орналасты.
Аана тілін меңгеруге ниет танытқан бұл белсенді жастар БҚО әкімдігінің қолдауымен жыл басынан бері онлайн түрде қазақ тілінен тегін сабақ алып келеді. Онлайн түрде алған білімдерін фестиваль аясында практикалық сабақтармен жалғастыруда. Сондай-ақ емтихан да тапсыратын болады.
Фестиваль 3 -9 қыркүйек аралығын қамтиды. Жоспарлы бағдарлама бойынша әр күні қазақ тілінің сабақтары өткізілуде. Бұдан бөлек қатысушылар облыстағы тарихи-мәдени нысандарға саяхат жасап, ұлттық музыкалық аспаптардың бірі домбыраны жасауды, ұлттық би билеуді үйренуде. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жасау бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылады. Бұл шараларға жергілікті лингвист ғалымдар, өлкетанушылар, қол өнер бағытында қызмет ететін кәсіби мамандар, тарих мамандары және жастар қоғамдық ұйымдары көшбасшылары тартылып отыр.
Фестиваль аяқталғанымен, қазақ тілін оқыту курстары жыл соңына дейін онлайн түрде жалғасады
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу