ҚАНДАЙ МЕДҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖОЙЫЛҒАН ҮСТЕМАҚЫ ОРНЫНА ЗИЯН ҮШІН ТӨЛЕМ АЛАДЫ
«COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы әзірленді.
Атап айтқанда, құжатта 2021 жылдың 1 қазанынан бастап COVID-19 пандемиясына қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне арналған үстемеақылардың жойылуы қарастырылған.
Оның орнына 1 қазаннан бастап арнайы психо-эмоционалды және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін үстеме ақы мен қосымша ақы алатын дәрігерлердің санаттары анықталды.
Оларға мыналар жатады:
– реаниматолог-анестезиологтар;
– жұқпалы аурулар бойынша мамандар;
– реанимация және анестезиология бөлімшелерінің анестезиологтары;
– эпидемиологтар;
– БМКҚ психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері;
– ядролық медицина орталығының қызметкерлері;
– патологоанатом дәрігерлер.
Сонымен қатар, 1 тамыздан бастап қолданыстағы үстемеақылар мөлшерін 50% төмендету ұсынылады. Осыған байланысты төлемдер мөлшері:
бірінші тәуекел тобы – ең төменгі жалақының 10 реттік мөлшері;
екінші тәуекел тобы – ең төменгі жалақының 5 реттік мөлшері;
үшінші тәуекел тобы – ең төменгі жалақының 2,5 реттік мөлшері;
Аталып өткендей, бұл жәрдемақы түрі 1 қазаннан бастап төленбейді.
Еске сала кетелік, 2021 жылы ең төменгі жалақы көлемі 42 500 теңгені құрайды.
Құжат 4 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылды.
kaz.zakon.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу