Аналар форумы Ақ Жайықта
Бүгін, Орал қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің форумы басталды.
«Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» тақырыбы атты маңызды шараға еліміздің әр түкпірінен қонақтар келді. Аталмыш ғимарат алдында меймандарды Жайық өңірінің жастары ақ дәммен, бауырсақпен, гүлмен қарсы алды.
Ассамблеяның екінші қабатындағы форумның ашылуына БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Жиыннан соң Салтанат сарайында қазақ халқының салт-дәстүрі жаңғырып, көпшіліктің қатысуымен бесікке салу, тұсау кесу басқа да ырым-жоралғылары жасалды. Форум ертеңде өтеді. Секциялық жұмыстар ана мен бала, отбасы жайлы көптеген тақырыптарды қозғайды.
Жалпы форум жұмысы жайлы «Жайық үнінің» келесі санынан оқисыздар.
Өз тілшіміз
Версия для печати