8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Наурыз 2021 4403 0
Қоғам

АНАЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР

Ана, ана, ана! Бұл үш әріптен құралған сөздің мағынасы әр адам үшін түпсіз теңізден терең, жеті қат аспаннан да биік, мөлдір судан да тап-таза.

Әлемдегі ең қымбат, ең асыл жан ол – ана. Себебі ол түн ұйқысын төрт бөліп, бізді бағып-қақты. Ана бір қолымен бесік тербетсе, ал екінші қолымен әлемді тербеткен. «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деп те соған байланысты айтады. Аяулы аналарымыз бізге жарық дүниені нәсіп етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп өсірді. Қазірге дейін «балам ешкімнен кем болмасын» деп, күні-түні жұмыс жасап, барынша шапағатын шашады. Міне, осы ұйқысыз түндері үшін, жасаған жақсылығы үшін, күндей нұрлы шапағатын шашқаны үшін сан мәрте алғыс айтамын. Мейлі мен қанша жерден анамды қуантсамда, мейлі әр түрлі асуларды бағындырсам да анамның жасаған жақсылықтарын өтей алмаймын.

«Ағайын – алтау, ана – біреу» демекші, шынымен бұл өмірде бізді өзінен де жоғары санайтын анамыз біреу. Бір күні бармыз, бір күні жоқпыз. Міне, сол себепті үнемі, қиын-қыстау кезде аналарымыздың жанынан табылайық. Кім білсін, бәлкім, біз бұл уақыттарды кері қайтара алмауымыз да мүмкін. Сол себепті, ешқашан аналарымыздың көңіліне кірбің түсірмей, біз де шапағатымызды шашайық. Бір сөз айтпастан бұрын ойланып көріңіздерші… Ана сізге өмір сыйлады, ұйқысыз түндерін өткізді. Ал, сіздердің айтқан сөздеріңіз соған сай келеді ме? Жоқ, әрине. Сол себепті аналарымызды қадірлейік.

 

Инабат БУПИНА, Орал қаласы Д.А.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы,

«Жас тілші» үйірмесінің мүшесі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»