АНА МЕН БАЛА ҚАМЫН ОЙЛАЙТЫН ОРТАЛЫҚ
Орал қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық мәслихат депутаттары Оралдағы әлеуметтік қолдау орталықтарының жұмысымен танысты.
Жуырда Оралдағы аналар мен балаларға арналған дағдарыс орталығы жаңа ғимаратқа көшкен еді. Бүгін аталған орталықтың жұмысымен Орал қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Мирболат Нұржанов және қалалық мәслихат депутаттары Светлана Бахишева мен Азима Ғұбашева танысып қайтты.
— Өмір болған соң адамдардың басында әртүрлі қиын жағдайлар болып жатады. Сондай кезеңде әйел-аналар өз мәселелерін шешіп алғанша, орталықта 1-6 ай көлемінде тұра алады. Қазіргі таңда орталық бір мезетте түрлі жадайға тап болған 10 адамды қабылдауға қауқарлы, —дейді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Талшынай Жүніс.
Орталықта психолог, дәрігер, заңгер, тәрбиеші секілді мамандар қызмет атқарады. Көмекке жүгінген жандарды мұндағы мамандар қабылдауға қашанда дайын. Олардың айтуынша, дағдарыс орталығына келген жандардың көбісінің мекенжай тіркелімі болмайды екен. Бірақ, орталық бұл жұмыстармен нәтижелі айналысудың арқасында шешімін табуда.
Осыдан кейін комиссия мүшелері «Отбасы» орталығында болып, биылғы жұмыс жоспарларымен танысты.
«Отбасы» орталығынан өткен жылы жалпы саны 1190 адам кеңес алған. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге өскен. Ал осы жыл басталғалы орталық қызметіне 32 адам жүгінген.
Орталықта үнемі тігін, қолөнер, аспаздық, сұлулық шебер сағаттары ұйымдастырылады. Сондай-ақ кез келген қала тұрғыны үшін электронды үкімет, әлеуметтік мәселе, заң, психология бойынша арнайы мамандардан тегін кеңес алуға барлық мүмкіндік жасалған.
Ақарыс ӘЙІПТЕГІ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру




Пікір үстеу