8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2022 1874 0
Жалын

Аман жүр, Ақ Жайықтың Бас дәрігері! 🌹🌹🌹

Бүгін, Батыс Қазақстан облысындағы барша ақ халатты абзал жандардың көшін бастаған Бас дәрігер, Гиппократ антына адал азамат ҚАЛИБЕКОВ АРМАН ТАЛҒАТҰЛЫНЫҢ жарық дүниеге келген күні!
Кез-келген адамның өмірін, денсаулығын сақтау жолында жанкештілік танытып, қажет болса өз өмірін сарф ететін абзал жандар біздің қоғамда қашанда қадірлі! Өйткені, дәрігерлер бізді қарлығаштың балапанындай қорғайды! Олардың адамгершілікке толы жүрегі ел үшін сыздап-сырқырайды! Адамзат баласының әр минөтімен күресу жолында Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, көп жылдық тәжірибесі бар білікті дәрігер Арман Қалибековтің қырағылығының, жауапкершілік пен қатаң талабының арқасында өңірдің медицинасы жыл санап дамып, Ұлт саулығы нығайып келеді. Арман Талғатұлын өңір халқы көп жылдан жақсы біледі. Ол аты дардай медицина мекемелерін абыроймен басқарып, осы саладағы ардагер аға-апалардың ақ батасын алған соңғы буынның белді өкілі! Дәлірек айтқанда, Арман Қалибеков БҚО -ның «Құрметті азаматы» , сыйлы ардагер Бақтығали Ахметов ағамыздың үмітін үкілеген төл шәкірті! Осы өлкедегі талай ақ халатты қыз-жігіттің болашағына ақ жол ашып, сеніммен қараған, адам баласын сүюге, бағалауға тәрбиелеген Бақтығали Ахметовтей танымал тұлғалардың ізін жалғап, халық денсаулығын қадірлей білу – Армандай азаматтың басына қонған бақ деп білеміз! Ендеше, өз еңбегімен өсіп, салауатты өмір салтына ел-жұртын жетелеп, барша әріптестеріне, үзеңгілестеріне үлгі-өнеге болған, халықтың денсаулығын ойлаған Арман Талғатұлының таудай биік шыңдарды бағындырып, асулардан асуларға аман – есен жете беруіне тілектеспіз!
🦅 Қанатыңыз қыран құстай қалықтап, көңіліңіз шарықтап, ел алғысын арқалап, жанұяңызбен бірге өмірдің бар жақсылығын көріп, аман жүріңіз Ақ Жайықтың Бас дәрігері! 💐💐💐💐💐💐💐

Ыстық ықыласпен: «Жайық үні» газетінің редакция ұжымы.
14-қазан 2022 жыл.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
137 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
145 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
274 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
535 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
585 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
654 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
680 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
726 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
948 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
964 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
918 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»