8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Желтоқсан 2023 5884 0
Дені сау ұлт

«Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды

 

Бүгін, желтоқсанның 27- сі күні Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталық» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды.


Жаңадан ашылған орталықтың лентасын облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Самұрық – Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, « Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева, «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қиды.

Аталмыш орталықтың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы:- Көптен күткен жобаның бірі жүзеге асуда. Қоғамда ерекше балалардың саулығын нығайту, оларға көңіл бөлу – басты мақсат. Осы игі істеріңіз ұзағынан болсын! Орталықтың ашылуына қолдау танытқан «Самұрық -Қазына»акционерлік қоғамы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына облыс әкімі Нариман Төреағалиевтың атынан ризашылығымды білдіремін,-деді.


Бұдан кейін «Самұрық – Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов :- «Қамқорлық» орталығында балалардың жұмыс жасауына тиімді технологиялармен жабдықталған кабинеттер бар. Барлық сәбиге оңтайлы жағдай жасалған. Ақ халатты абзал жандардың еңбегі ақтала берсін!- деп тілегін жеткізді. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева: – Елімізде кезең – кезеңімен облыс орталықтарында «Қамқорлық» орталығы ашылып, дамып келеді. Арнайы мамандар біліктілігін арттыруда. Мұнда қозғалыс дағдыларын дамытатын жаңа құрылғылар орнатылды. Әрдайым осындай игі бастамаларға мемлекет тарапынан қолдау бар. Біздің қор сәбилердің денсаулығын жақсарту мақсатында кешенді түрде жұмыстанады,-деді.

Орталықтың ашулы салтанатынан кейін барлық қатысушылар мен қонақтар орталықтың ішіндегі бөлмелердің жай – күйімен танысты.

Гүлім НҰРҚАТ
«Қамқорлық» ерте араласу орталығы туралы «Жайық үні» газетінің 2024 жылғы №1 номерінен толықтай оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
97 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
73 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»