Ғалымның мұрасы ұлықталды
Бүгін, желтоқсанның 13-і күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің бас ғимаратында түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Отарәлі Бүркіттің туғанына 70 жыл толуына орай «Профессор Отарәлі Бүркіттің лингвистикалық мұрасы, қазіргі қазақ филологиясының парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция басталмас бұрын профессордың шәкірттерінің мұрындық болуымен жаңартылған дәрісханасына шолу жасалып, жиналған қауым оркестірдің орындауындағы күйді тыңдап, көрмені тамашалады.
Ғылыми жиынды Филология факультетінің деканы, философия докторы Айдарбек Ақболатов тізгіндеді. Университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов алғы сөз сөйлеп, баяндамашыларға сәттілік тіледі.
Пленарлық мәжілісте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, ф.ғ.д. Зейнол-Ғабден Бисенғали, А.Байтұрсынұлы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Жамал Манкеева, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Бекен Сағындықұлы, БҚИТУ профессоры, ф.ғ.д. Сабыр Мұрат өз тақырыптарында баяндамаларын оқып, естеліктерін әңгімеледі.
Сонымен қатар, Түркиядағы Анкара қаласынан профессор, ф.ғ.д. Hülya Kasapoğlu Gengel, Башқұртстаннан доцент, ф.ғ.к. Зулайха Хабибуллина конференцияға онлайн түрде қосылып, ғылыми тұжырымдарын ұсынды.
Кейіннен жарыссөз ұйымдастырылды. Жиын соңында Отарәлі Бүркіттің жары, ф.ғ.д., профессор Ұлдай Ержанова мен ұлы Ұлан Бүркітұлы сөз алып, ұйымдастырушыларға, келген қонақтар мен баяндамашыларға алғыс білдірді.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру