ҚАЛЫҢ ҚАРДАН ҚАУІП БАР
Биыл қар мөлшері жылдағыдан көп түсті. Сол себепті қала бойынша барлық техника күндіз-түні қарқынды түрде қардан тазалау жұмыстарына жұмылдырылған. Синоптиктер бір аптадан соң күн күрт жылынады деп болжап отыр. Ал, төтеншеліктер су тасқыны қаупі жоғары екенін айтып, дабыл қағуда.

Осы орайда бүгін облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев пен қала әкімі Мұрат Мұқаев қаланың көктемде су басу қаупі басым аудандарын аралап, қар тазалау жұмыстарын қадағалады.
– Қала бойынша өткен жылдың қараша айынан бастап 250-дей техника қар тазалау жұмыстарымен айналысуда. Бұл жұмысқа Оралдағы ірі мекеме-кәсіпорындардың техникалары тартылды. Қардың мол түсуіне байланысты оны тасымалдау шаралары күндіз-түні жүргізілуде. Салыстыра айтатын болсақ, биыл өткен жылдан 8 есе көп қар шығарылды. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай. Биыл алғаш рет шатырлардың қарын аршуда альпинистердің көмегіне жүгіндік. ПИК-тердің де басым көбісі өз жұмыстарын жоғары атқаруда, дегенмен кейбірі міндеттерін дұрыс атқармай отыр. Қаланың тазалығын сақтау ережесіне сәйкес, 134 материал толтырылып, 10 шақты ПИК-ке құқықбұзушылық Кодексінің 505-бабы бойынша айыппұл салынып, жауапқа тартылды. Әрі қарай жұмыстары қадағаланады. 32 су тасқыны қаупі бар аумақта қарқынды жұмыстар атқарылуда. Әр адам өз аулаларын қардан тазалауы керек. Қазір қалада ұзындығы 92 шақырым арықтар болса, соның 50 пайыздан артығы аршылды. Ең бастысы су келген кезде арықтар таза болуы керек, – деген қала әкімі Мұрат Мұқаев тұрғындарды өз аулаларын уақытылы қардан тазалауға шақырды.

Өз жұмысына салғырттық танытып, айыппұл арқалаған «Домуправ» ПИК-інің төрағасы Қуаныш Танаманов кооперативке қарасты 30-үйдің он бесінің айналасын, шатырын қардан тазалағандарын жеткізді.
– Демалыссыз жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені қар көп. Екі күн бұрын айыппұл салды. Бес адам жұмыспен қамту орталығынан көмекке шақырдық, – деген ол жұмыс күші жетіспейтінін алға тартты.
Сондай-ақ төтеншеліктер үйлерді аралап, су тасқыны қаупі мен оның алдын алу туралы жадынамалар үлестіруге кірісті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды

Кіру
Пікір үстеу