«АЛТЫН ҰРПАҚ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа жылдан бастап «Алтын ұрпақ» жобасы қолға алынды. Жаңа жобада 7-сыныптың барлық ер балалары қазақ күресінің тарихын зерделеп, аптасына екі рет төл спортымыздың негізгі әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сенбі күні қазақ күресі секциясының тұсаукесері мен жаттығу залының ашылу салтанаты өтті.

Зияткерлік мектеп әлемді жақсартуға дайын, сыни тұрғыдан ойлайтын, әлеуметтік жауапкершілігі мол белсенді азаматтарды тәрбиелеуді мақсат етеді. Әсіресе, ұлттық болмысқа негізделген тәрбие – басты орында.
– Жаңа жоба туралы жуырда 7-сынып оқушыларының әкелерімен кеңес өтті. Әкелер өз кезегінде қазіргі ұлдардың физикалық денсаулығы алаңдатпай қоймайтынын мойындап, жобаның маңызы мен қажеттігін айтты. Бүгінгі зияткер оқушы – ертең елімізді әлемдік қауымдастықта таныстыратын болашақ көшбасшы. Оларды жасөспірім шағынан ұлттық құндылыққа толы, нағыз ер азамат етіп тәрбиелеуіміз парыз. Ал күрестің текті түрі саналатын қазақ күресі – біздің ұлттық болмысымыздың қайнар көзі. Ол қазақы рух, ептілік, қайсарлық, уақытылы әрі дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді, – дейді мектеп директоры Шолпан Кадырова.
Зияткерлік мектепте ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында тоғызқұмалақ, домбыра, қазақ биі сияқты қосымша үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар «100 күйдің тарихы», «Қазақ әндері», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер», «Екі апта ауылда» жобалары бар. «Алтын ұрпақ та» осы табысты жобалардың жалғасы іспетті. Ал 7-сыныптың ұлдарын төл өнерге самбо және дзюдодан спорт шебері Габбасов Нұрымжан Серікбайұлы баулитын болады. Айта кетейік, қазақтың ұлттық күресі – ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген спорт түрі.

Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу