8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Маусым 2019 2522 0
Қоғам

«АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕУГЕ ҚАРСЫ – 30 ҚАДАМ»

           Республика бойынша алимент төлемей жүрген борышкерлердің берешегі 5 млрд.-қа жетсе, Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 75 миллион теңгені құрайды. Осы мақсатта елімізде қыркүйектің біріне дейін алимент өндіру бойынша жаңа жоба бекітілмек. Өйткені, алимент төлегісі келмегендер жауапкершіліктен қашудың сан-алуан тәсілдерін табуға машықтанып алғаны сонша, оларды мәжбүрлеп төлетудің өзі қиын болып отыр. Тіпті, жауапкершіліктен жұрдай ата-аналар елден шыға алмай, көлік жүргізу құқығынан айырылса да, балаларын асыраудан бас тартып келеді. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Исқалиевтың төрағалығымен өткен құқыққорғау органдары басшыларымен алимент өндіру мәселелері туралы  жиында талқыланды.  Жиынға ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының басқарма төрағасы Ернар Ибраев қатысты. 

Бүгінде өмірге келген өз баласын өзектен тебудің бір жолы – әйелінен заңды түрде ажырасқан әкелердің алимент төлемеуі болып тұр. Өкінішке орай, елімізде ажырасу фактісінің күннен-күнге артып бара жатқанына куә болып жүрміз. Күрделі тақырыпты қозғаған жиында алименттерді өндіру бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланғаны түсінікті жайт. ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының басқарма төрағасы Ернар Ибраевтың айтуынша, алиментті өндіріп алу бойынша елімізде жеке сот орындаушыларымен 184 615 өндірістік іс қаралса, оның 11265-і мәселе туындатып отыр. Сот орындаушыларымен жүзеге асып жатқан өндірістік істердің саны бойынша өңіріміз 14-ші орынға табан тіресе, мәселе туындатқан істер бойынша 9-шы орында тұр. Жыл басталғалы республикалық және аймақтық жеке сот орындаушыларына азаматтардан 2907 шағым түссе, оның 756-сы алимент төлемеу мәселесі төңірегіндегі өтініштер. Басым көбісі бұл тұрғыда мемлекеттік органдардың әрекетсіздігін алға тартатын көрінеді. Осы орайда аталмыш басқарма төрағасы Ернар Еркінұлы балалардың пайдасына алименттерді өндірудің тиімді жүйесін құру керегін баса айтты. Жобаны іске асыру шеңберінде заңнамалық деңгейде алимент мөлшерін белгілеу тәртібін қарау, мәжбүрлі жұмыс түріндегі жаңа қылмыстық жаза түрін енгізу, мемлекеттік қызмет көрсетулерді алуға шектеу шараларын арттыруды ұсынды. Бұл шаралар баланың мүддесін қорғауға және борышкердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.         

Жиында сөз алған облыстық сот төрағасы Бек Әметов сөзден нақты іске көшетін уақыт келгенін жеткізді.  – Үстіміздегі жылдың 6 мамырында ҚР Премьер министрі Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалық етуімен өткен жиналыста некені бұзу, алимент өндіру, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелер талқыланды. Кеңестің қорытындысы бойынша қабылданған хаттамалық шешімге сәйкес, Әділет министріне ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жаңа жобаны бекіту жөнінде тапсырма берілген. Ол жоба «Алимент төлемеуге қарсы – 30 қадам». Сондай-ақ облыс әкімдеріне 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін мемлекеттік әлеуметтік тапсырмаларды қаржыландыру мәселесі тапсырылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырмаларды қаржыландыру біздің тарапымыздан да біраздан бері қойылып келеді. Бұл жөнінде жұмыстарды жалғастырамыз. Әділет министрлігіне алдағы жылдың 15 қаңтарына дейін алимент көлемін өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу тапсырылған. Бұл ұсыныстар тиісті дәрежеде орындалса, алимент өндіру мәселесінің біраз тетіктері шешіледі. Аталмыш кезеңге дейін ақпараттық жүйелерді сәйкестендіру де тапсырылды. Оның ішінде авиабилеттерді сату кезінде борышкерлердің құқын шектеу мәселесі қаралды. Теміржол тасымалына да осындай шектеу енгізген жөн. Сондай-ақ еңбек дауларының алдын алу мәселелері бойынша да борышкерлерді жұмыспен қамту бойынша тиісті салаға жауапкершілік жүктелді. Әділет, полиция  департаменттері бірлесе отырып, осы мәселені саралап, нақты шаралар алуымыз қажет, – деді ол.

Ал облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев жаға ұстатарлық деректерді жайып салды.  – Алимент мәселесі әлі күнге нақты шешімін таппай келеді. Азамат ретінде бұл проблемаға тіке қарайтын болсақ, қоғам стандарттарына сәйкес келетін адамзат алимент төлемеу мәселесіне теріс көзқараста екені анық. Жалпы алимент отбасының ажырасуынан пайда болады. Отбасы негізі қаланғаннан кейін, бақытты тұрмыс кешуі керек, сонда бұл мәселе туындамас еді. Бақытты бала отбасымен, ата-анасымен бірге тұрғысы келеді. Осы тұрғыда адамдардың сана-сезіміне әсер етуі арқылы жұмыстануымыз қажет. Республика бойынша алимент төлемей жүрген борышкерлердің берешегі 5 млрд.-қа жетсе, Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 75 миллионды құрайды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Борышкерлердің жұмыс берушілермен келісіп, жалақысын жасыратыны өкінішті,  – деген облыс прокуроры жиында көтерілген ұсыныстардың үйлестіру кеңесінің отырысында жан-жақты талқыланатынын айтты.  Ал БҚО Әділет департаментінің басшысы Аманжол Абдрахмановтың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда облыстағы мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен туған баласының несібесін аузынан жырып, қара басының қамын күйттеген борышкерлерден алимент өндіру бойынша 7861 іс қаралуда.  Оның ішінде 5087 борышкердің қарызы ай сайын жалақысынан ұсталса, 2191-і тұрақты жұмыс орны болмаса да ерікті түрде алиментін төлеп жүр екен. Азын-аулақ ақшаны аударуға құлықсыздар саны жыл емес, ай санап өсіп отыр. Осы жылдың маусым айындағы дерек бойынша бой тасалаған 136 борышкерге іздеу жарияланған, алиментті қасақана төлемеуші 47 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал 649 алимент қайтаруға құлықсызға ел аумағынан шығуға тыйым салынған.  Жиында борышкерлерге қарыз төлетудің түрлі жолдарын қарастыру жайы сөз болды. Қашқын әкелер бұрынғыдай бейқам жүре алмайтын болды. Бірақ ойран болған отбасының орны сонымен тола ма? Ол енді мүлде басқа әңгіме.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
74 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
288 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
777 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1154 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1080 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1513 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2129 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2296 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2303 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2352 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2357 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1996 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2838 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2892 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2888 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3496 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3467 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3455 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3434 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3595 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3641 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»