8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Желтоқсан 2019 1738 0
Өзек

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕГЕНДЕРДІ БЕС КҮНГЕ ҚАМАУ КЕРЕК

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев алимент төлеуден қашқан әкелерді бес тәулікке қамау керектігін айтты. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі жазды.

Депуттардың кейбірі борышкер алимент төлеушілерді іздестірудегі кемшіліктердің көп екенін айтып, наразылықтарын жеткізген.

Депутат Гүлнәр Бижанованың айтуынша, 2018 жылы 1864 алиментшіге іздеуге жарияланып, оның 78-і ғана анықталған.

 – Осы күні полиция бөлімдері алимент төлемейтіндерді өндіріп алушының тұрғылықты мекенжайы бойынша ғана іздейді. 2018 жылы алиментшіге іздеуге жарияланып, оның 78-і ғана анықталған. Пайызға шақсақ – 9%. Қалғандары бойынша іздеу жұмыстары тоқтатылды. Осыған байланысты сұрақ: борышкерлерді іздестіру тетігі неге өзгертілмейді?, – деп сұрады Бижанова.

Өз кезегінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары іздеу қайда жарияланғанына қарамастан, полиция бөлімдері борышкерлерді бүкіл елдің аумағынан іздейді.

– Әкімшілік кодекске жауапкершілік пен азаматтарды ұстау мүмкіндігін енгізу қажет. Бұл жерде мәселе басқада. Ол адам қандай тәртіпте іздестіріліп жатыр? Бұл адам азаматтық-құқықтық қатынастар ісі бойынша жауапты болғандықтан, іздестіру тетігі мүлдем басқа. Өйткені қылмыскерді іздеу кезінде өзгеше тәртіп ескерілген. Біз борышкер алимент төлеушіні қамауға алмаймыз, тек сот орындаушысына баруды міндеттейміз, – деді М. Қожаев.

Сондықтан ҚР Ішкі істер министрлігі балаларына алимент төлеуден жалтарған әкелерді бес тәулікке қамауға алуды ұсынып отыр.

– Сот шешімін орындамағаны үшін жауапкершілікке тоқталсақ, бес тәулік мерзімге қамауға алуды ескерген жөн. Осы уақыт ішінде сот орындаушысы барлық қажетті шектеу шараларын жүргізе алады, – деді вице-министр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
138 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
382 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»