Қалиев қайтадан сайланды!

Бүгін, 30 наурыз күні Орал қалалық мәслихатының үлкен залында қалалық мәслихатының сегізініші шақырылымдағы бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті. Мәжіліске қала әкімі Миржан Сатқанов және орынбасарлары, ауылдық кенттің әкімдері, бюджеттік саладағы басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды ашып жүргізген Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Давлетжанов сайлау қорытындысының нәтижелеріне тоқталып, жаңадан сайланған депутаттарға сәттілік тілеп, куәліктері мен төсбелгілерін табыстады. Бұдан кейін депутаттық корпустың шешімімен Орал қалалық мәслихатының төрағасы болып қайтадан сайланған Есентай Қалиев өз жұмысына бірден кірісіп, күн тәртібіндегі мәселелерді және төрт бағыт бойынша сайланған комиссия мүшелерін көпшілікке таныстырды.
Сессия жұмысына арнайы қатысқан Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов өз сөзінде жаңадан сайланған халық қалаулыларын жеңістерімен құттықтады. Соның ішінде халықтың сенімін ақтайтын барлығы 24 депутатқа сәттілік тіледі.

– Біздің ең басты мақсатымыз – елмен, халықпен тығыз байланысты болғандықтан, қашанда абыройлы болыңыздар. Сіздер халықтың сенімінен шығып, мойныңызға үлкен жауапкершілік жүктеп отырсыздар. Тұрғындардың мұң- мұқтажын бірлесе шешіп, жастарға жол көрсетер шынайы істеріңізбен үлгі бола біліңіздер,- деген шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы Орал қалалық мәслихат депутаттарының бастаған істеріне зор сенім білдірді.
Г. СЕРІКҚЫЗЫ,
«Жайық Үні»
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу