ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАП ЖИНАУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШІМДЕР
Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан Республикасында жылына 5-6 млн. тонна қатты тұрмыстық қалдықтар түзіледі екен. Бұл қалдықтар адамдардың саулығы мен экологияға зиянды әсер тигізетіні белгілі. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасында пластмасса, макулатура, картон және қағаз қалдықтарын көмуге заңмен тыйым салынды. Бұл заңнама бүгінгі күннің талабынан – табиғатты қорғау, келешек ұрпаққа әлдеқайда таза қоршаған ортаны қалдыру қажеттіліген туындап отыр. Сондықтан қоғамнан бұл істе мүмкіндігінше азаматтық белсенділік таныту күтіледі және құпталады.

Өнеркәсіп қоқыстарын бөлектеп жинауды ендіру кәсіпорынның қалдықтары қандай классқа жататынын анықтау, оқшаулануы тиіс қоқысты текшелейтін ғимарат не алаңша ұсыну, жиналатын қоқыстың көлеміне сай контейнерлер табу, қоқысты бірден жинақталатын жерде өңдейтін стационар аппараттарға қажеттікті анықтау, қоқыстарды бөлектеп жинайтын контейнерлер тиісті түске боялуы, олардың қандай қоқысқа арналғанын көрсететін тақтайшалары болуы міндеттілігі және қызметкерлерге оқтын-оқтын нұсқаулықтар өткізіп, олардың орындалуын тексеріп тұру қажеттілігі сынды шаралардан тұрады.
Қоқыстарды бөлектеп жинау бірнеше түйткілдің шешімін таба алады. Нақтырақ айтқанда, коммуналдық қоқыстардың мәселесін шешеді және жаңа үйінділердің пайда болу мүмкіндігін азайтады. Қалпына келмейтін пайдалы ресурстарды (мұнай) үнемдейді. Сұрыптаудың арқасында қоқыстардың 80 пайызын қайта өңдеуге болады. Өндіріс қалдықтарының экосистемаға зиянын тоқтатады. Экологиялық ахуалды және тұрғындардың саулығын жақсартады. Қоқыстарды көму мен өртеуге кететін шығындарды азайтады.
Біздің облыста «БатысЭкоТранс» ЖШС, «Дала-Экос» ЖШС, «ТуранПромРесурс» ЖШС, «Фосстис XXI» ЖШС, Жеке кәсіпкер «Куксова Е.М, Жеке кәсіпкер «Борисов Д.Г.», «Орал таза сервис» ЖШС, Жеке кәсіпкер «ВТС Уральск», «Ecosert» ЖШС, «KazbatisService» ЖШС, Жеке кәсіпкер «Пункт приема вторсырья» сынды мекемелермен қалдықтарды шығару және қайта өңдеу бойынша меморандум жасалған. Орал қаласындағы ұйымдардың контейнер орнатуға мұқтаждығын талдау нәтижесінде анықталғандай, «Орал Таза сервис» ЖШС-ның бағалауынша қалада орнатылған 2500 контейнеріне қосымша тағы да 1500 контейнер керек. Орта есеппен алғанда контейнер паркін 20-30%-ға жаңарту қажет. 2019 жылы қосымша 370 контейнер орнатылды. Ескі үлгідегі контейнерлер 50 000 теңге, ал жаңа үлгдідегілері 150 000 теңге тұрады.
Мемлекеттік органдардың қағаз қалдықтарын жинау үшін 100 дана картонконтейнер сатып алу мәселесі көтеріліп, қазіргі шақта контейнердің көлемі, дизайны тапсырыс берушілермен талқыланып, келісіліп жатыр. Қазір таңда 3 мектеппен меморандум жасалып, картон контейнелер орнатылуына қол жеткізілді. «№ 46орта ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 30 дана, «№1 орта ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 30 дана, «№38 орта ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 20 дана картон контейнер орнатуда.
Контейнерлер орнатылған жерде төмендегі мазмұндағы ақпарат плакатары ілінді:

Мекеме-ұйымдардың мамандары мен техникалық қызметкерлері үшін оқыту тренингтері жүргізілді. Әуелі тапсырыс беруші тренингтердің кестесі мен бағдарламасын жасап, бекітті. Барлығы 10 мекемеде тренинг өткізілді.
№22 ЖББМ, №31 ЖББМ, №24 ЖББМ, №36 ЖББМ, №25 ЖББМ, № 1 ЖББМ, № 32 ЖББМ, №13 ЖББМ, №2 ЖББМ , «Kaz Batуs Serviсe» ЖШС. Тренингпен жалпы 157адам қамтылды, оларға оқығаны туралы арнайы сертификат берілді. Барлығы 157 сертификат табыс етілді.
Тұрғындарды жоба және қалдықтарды бөлектеп жинау туралы ақпараттандыру үшін жергілікті баспасөз ұйымдарымен байланыс орнатылды. Жеке кәсіпкер Әлішер Ғұмар «Балалар мен жастар шығармашылығы және экология облыстық орталығы», «Евразия» және «Самал» туристтік базасының аумағында жоғарыдан видео және фототүсірілімдер, олардың монтажы мен көрсетілімдері жүзеге асырды.
Орал қаласының кіреберісінде – «ОРАЛ» жазбасы орналасқан аумақта сенбілік жүргізіліп, 2 текшеметр қатты тұрмыстық қалдық жиналды.
Қ.Бинкузинов «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының менеджері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу