«ҒАЛАМТОР ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ ТӨМЕНДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚИЫНДЫҚТАР ТУЫНДАУЫ МҮМКІН»
6 сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға көшірілмек. Бұл туралы бұған дейін Білім және ғылым министрлігі хабарлаған болатын. БҚО-да үй жағдайында оқытудың дайындық шаралары туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі қашықтықтан оқыту бойынша арнайы жұмыс тобын құрды. Оның құрамына қашықтан білім беру саласында жұмыс істейтін «Bilimland», «DDaryn.online», «Күнделік», «Univer», «Platonus», «EduPage», БИЛ, «BTS education», «U-study» және «AGS» сияқты ұйымдардың өкілдері және педагогтер, әдіскерлер, мектеп директорлары, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және жоғары оқу орындарының проректорлары енген. Қазір оқушыларға тапсырмаларды беру, олардың орындалуын тексеру, бағалау және кері байланысты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу қарастырылуда. Білім алушылар бейне-сабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн-талқылау, бағалау бойынша немесе видеостриминг сервистерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін жүйелерді іске қосу да көзделген. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігімен оқушылар мен мұғалімдер үшін пайдаланылатын білім ресурстары ұсынылуда. Бұл ресурстар тегін. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысына сәйкес «Балапан» (қазақ тілінде) және «Еларна» (орыс тілінде) телеарналарынан сабақтар көрсетіледі.
– Қашықтықтан өткізілетін сабақ-әдеттегідей 40 минут өткізілетін сабақ емес. Оның әдіс тәсілдері бар. Осындай сын сәтте бұл мәселелерге ата-аналар түсіністікпен қарап, балаларға жаңа форматта оқу материалдарын игеруге көмектесулерін сұраймыз, – деді БҚО білім асқармасының басшысы Айымгүл Тржанова.
Қазіргі таңда аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінен түскен ақпаратқа сәйкес оқушылардың, педагогтердің үй жағдайында ғаламторға қосылу мүмкіндігі болғанымен, жылдамдықтың төмендігіне байланысты сабақ жүргізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Аталмыш мәселелерді облыс деңгейінде шешу жолдары қарастырылуда.
2020 жылдың 6 сәуірінде 4 тоқсан басталады. Сол кезеңге дейін дайындық жұмыстары жүргізіліп, педагогтер мен оқушыларға цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша әдістемелік көмектер беріледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу