8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Ақпан 2024 3285 0
Қалалықтар қаперіне

Қалалықтар қаперіне!

23 ақпан күні сағат 19:00-де «АТАМЕКЕН»
өнер ордасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық әртісі,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші-композитор  Е.Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Асыл арман» атты қойылымының премьерасы
өтеді.


22 ақпан
күні сағат 17:00-де конференц залда спектакльдің баспасөз хабарламасы өтеді.

Қойылымды «Атамекен» жастар музыкалық театры сахналайды. Идея авторы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнертану PhD докторы, профессор АСХАТ МАЕМИРОВ.

Авторы – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы-драматург МӘДИНА ОМАРОВА. Режиссері – Грузия мемлекетінде өткен Н.Думбадзе атындағы Халықаралық театрлар фестивалінің «Үздік режиссері» ГАУХАР АДАЙ. Қоюшы суретші әрі киім суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі ГҮЛДАНА АЛИНА.

Мақсаты: Есімі республикаға, шетелдерге танымал, қазақ руханиятына өлшеусіз қызмет еткен аңыз тұлға, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің өмірі және қазақ музыка өнерінде алатын орны мен әндерінің ерекшелігін театр сахнасы арқылы насихаттау; жастар музыкалық театры әртістерінің шеберліктерін кәсіби деңгейге көтеру; аталмыш қойылыммен Қазақстанның өзге өңірлерін аралап, бұқара халықтың театрға келу мәдениетін қалыптастыру.

Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев,

Е.Хасанғалиевтің жары – «Құрмет», «Шапағат» ордендерінің иегері Хасанғалиева Дарико Сопыжанқызы, Е.Хасанғалиевтің ұлы – «Құрмет» орденінің иегері, әнші, композитор Біржан Хасанғалиев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, белгілі жазушы, драматург Омарова Мадина Мырзахметқызы, ҚР  Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы Берік Уәли, қазақтың ақыны, журналист, публицист Жанарбек Әшімжан, Жазушы-драматург, сценарист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану PhD докторы, профессорАсхатМаемиров, т.б. аймақтық театр басшылары мен режиссерлері, өңіріміздің зиялы қауым өкілдерімен бірқатар облыстық басқарма басшылары.

Ұйымдастырушы – «Атамекен» өнер ордасы

Өтетін уақыты: 23.02.2024,  сағат: 19.00

Өтетін орны: «Атамекен» өнер ордасы, Қадыр Мырза Әлі  ш/а 12/2

Байланыс тел.номері: 8 702 239 75 93, 8 775 285 48 82.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
8 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
22 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
91 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»