8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2025 1584 0
Қалалықтар қаперіне

Қалалық бюджет нақтыланды

Бүгін, қыркүйектің 12 – сі күні, Орал қалалық әкімдігінің үлкен залында сегізінші шақырылым бойынша Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 22- ші сессиясы өтіп, оған Орал қаласының әкімі М.Байменов, кенттің әкімдері, мәслихат депутатары және басқарма басшылары қатысты. Жиынды жүргізген қалалық мәслихат төрағасы Е.Қалиев күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырса, Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Қадырбеков тіркелген субъектінің статистикалық деректері мен заңды тұлға және кәсіпкерлерден жергілікті бюджетке түскен түсімдері, қалалық бюджеттің қалыпты деңгейде орындалуы туралы айтты. Басқа мемлекеттік органдардың жүйесімен деректерді бірыңғай түрде алу, электронды сервис, онлайн касса бағытындағы салық әкімшілігінің сандық жүйесін жетілдіру қажет,- деді М.Қадырбеков. Одан кейін қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы А.Қадыров нақтылауы жоспарланған Орал қаласының бюджеті кірістер мен шығыстар бойынша теңдестіріліп, 10,9 млрд теңге сомасына ұлғайту жоспарлануда дей келе, мәслихат депутаттарынан қаралған бюджетті бекітуді сұрады.Бұл ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдап, бюджеттің нақтылануына шешім қабылданды. Сессияда басқа да мәселелер талқыланып, Орал қаласының әкімі М.Байменов екінші топтағы мүгедек жандарға да қоғамдық көлікте тегін жүру қарастырылып, Семейде әскерде болғандарға 50 пайыз жеңілдік қарастырылсын деген ұсынысты қолдап, қаралған мәселенің біртіндеп уақытында шешілуі бақылауға алынсын деп сессияны түйіндеді.
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»