8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қараша 2020 1304 0
Өзек

АЛАЯҚТЫҚ ӨРШІП ТҰР

Ағымдағы жылдың 10  айы ішінде Орал қаласы полиция басқармасының Зашаған Полиция бөлімінде алаяқтыққа қатысты 99 қылмыс тіркелген. оның 54-і интернет-алаяқтық бойынша тіркеліп отыр. Бүгінгі күнге  19-ы ашылған. Бұл туралы Зашаған Полиция бөлімі мәлім етті. 

Өкінішке  орай, алаяқтық қылмысы артып тұр. полицейлердің мәлімдеуінше, былтырғы жылдың алғашқы он айында, яғни дәл осындай мерзімде 71 алаяқтық фактісі тіркелген. Оның 44-і интернет-алаяқтық болған. Осы алаяқтық фактілерінің 11-і ғана ашылған. Ал биылғы жылы алаяқтық былтырғымен салыстырғанда 28 фактіге көбейіп, 99-ға жеткен. Соның ішінде  интернет-алаяқтық 10 фактіге  артып, 54 қылмысқа жетіп отыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, көп жағдайда мұндай қылмысты жасаушылар «OLX»,  Instagram, «В Контакте»,  «Koleso. Kz»,  «Koke. Kz»  сынды әлеуметтік желілер арқылы жұмысқа орналастыру, жалға пәтер алу, автокөлікті стау, ақша айналымын арттыруды ұсынып, «Каспий банк», «Халық банкі», «Сбербанк России» есепшоттарынан қаражатты аударуды ұсынады. Сондай-ақ алаяқтар өздерін «Каспий банкі» АҚ-ның қауірпсіздік қызметкері немесе банк өкілі ретінде  таныстырады. Осылайша азаматтар оларға сеніп, банктік карталарының құпия кодын беріп қойып, сандарын соғып қалады.

Полицейлер қазіргі уақытта  қылмыстрады ашуды күшейту бойынша жұмыстар жасалып жатқанынан сендірді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»