АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ
Биыл Батыс Қазақстан облысында 655 алаяқтық фактісі тіркеліп, 435-іне қатысты қылмыстық іс қозғалған. 2017 жылдың 10 айында 709 алаяқтық фактісі тіркелген, оның 540 бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Адамзат баласын әбігерге салып, материалдық және моральдық тұрғыдан әжептәуір зиянын әкелетін қылмыс түрі соңғы кездері жиі тіркелуде. Бұл – алаяқтық фактілері. Соңғы күндері тіркелген жедел мәліметтерге жүгінсек, үйіңізге сәп-сәнді жиһаз жасап әкеліп беремін немесе ұялы телефоныңызбен хабарласамын деген сылтаумен азаматтарды алдап соққан алаяқтардың жымысқы ойлары тіркелді. Мәселен, 19 қазанда еш жерде жұмыс жасамайтын, 1988 жылы туылған белгісіз тұлға азғантай уақыт аралығында үй жиһазын жасап беремін деп Оралдық азаматшаның сеніміне кіріп, 217 мың теңгесін санап алып бой тасалаған. Алайда, алаяқ деп танылған тұлғаның теріс ниеті алысқа бармады. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде «жиһаз жасағыш» жігіт ұсталып, оның жеке басы туралы деректер жинақталды.
24 қазан күні тәуліктің екінші жартысында белгісіз тұлға «Кірпіш зауыты» ауданында сенімге кіру арқылы өзгенің «Айфон-7» маркалы ұялы телефонын сұрап алып, танысына хабарласпақшы болған. 1989 жылғы телефон иесіне сол мезетте 150 мың теңге шығын келген еді. Полицияға уақытылы хабарласуы нәтижесінде қымбат ұялы телефонды иемденіп, алдап алған алаяқ азаматша ұсталды. Келтірілген алаяқтық фактілеріне қатысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Алаяқтыққа барып, ішкі арам ойын жүзеге асыруды көздеген тұлғалардың қармағына қарапайым азаматтардың түсіп, соңынан алданғанын сезіп, санын соғып жатқандары аз емес. Кейбірінің ойдай сеніміне кіріп, жинап отырған бірнеше мың теңгесін қымқырып әкететіндері тағы бар.
Сол себепті облыс пен қала тұрғындарының алаяқтарға алданып қалмауларын, жалған телефон шалушылардан сақ болуларын сұраймыз.
Орал қ.ПБ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу