8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қыркүйек 2024 3763 0
Қалалықтар қаперіне

Қала жұртшылығы «Мизам шуағын» тамашалады

Бүгін, қыркүйектің 28-і күні қалалық «Киров» мәдени-демалыс саябағында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Ағайын» қазақ ұлттық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өңірімізде алғашқы рет «Мизам шуағы» мейрамы өтті.

Жаздың аптап ыстығының беті қайтып, кеші қоңыр салқын бола бастайтын, далада өрмекшінің өрмегі ұзын болып, шұбатылып, бау-бақшаның пісіп, жапырақтар сарғайып бастаған кез-«Мизам шуағы» деп аталады. Шарада қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева,«Ағайын» қазақ ұлттық – мәдени бірлестігінің төрағасы Арман Биғалиев құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш мерекенің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ қолөнер шеберлері түрлі бұйымдарын көрмеге әкеліп, жұртшылықтың назарына ұсынды. Халықтық «Әжелер сәлемі» ансамблінің әжелері киіз басу рәсімін және бесікке салу, тұсау кесу дәстүрлерін дәріптеді. Шарада күй күмбірлеп, әуезді әндер айтылып, көрермендердің көңілін серпілтті. Жиналған халыққа шашу шашылып, бауырсақ таратылып, көжеден ауыз тигізді.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Бұл туралы «Жайық үні» газетінен оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
46 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
94 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»