Қала мәртебесінен айырылған елді мекен тұрғындарының жалақысына үстемақы қосылады
Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
Заң жобасы бірқатар Парламент депутаттары бастамашылығымен әзірленген. «Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейді және еліміздің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің, оның ішінде аудандық маңызы бар қалалардың ағымдағы мәртебесін толық көлемде қамтуға бағытталған. Қолданыстағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қалаларға халық саны 10 мың адамнан кем емес елді мекендер жатады. Қазіргі уақытта 48 аудандық маңызы бар қаланың 13-і халықтың саны бойынша қала мәртебесіне сәйкес келмейді, яғни осы аудандық маңызы бар қалаларда тұрғындар санының аздығына байланысты олардың мәртебесін өзгерту қажеттігі туындады. Алайда қолданыстағы заңнамада аудандық маңызы бар қаланың мәртебесін ауыл санатына өзгерту жөнінде норма қарастырылмаған», – деді сенатор Нұрлан Бекназаров.
Осыған байланысты осы заң жобасында аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру жөніндегі құзыретті айқындайтын түзетулер енгізіліп отыр. Енгізілген түзетудің ұтымды тұстарының бірі – қала мәртебесінен ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда сонда тұратын азаматтар ауыл тұрғындары үшін заңдармен қарастырылған мемлекеттік әлеуметтік қолдауларға қол жеткізеді. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының қызметкерлерінің жалақысына жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша 25 пайыздан кем емес үстемақы қосылады. «Оған қосымша тұрғындар коммуналдық төлемдерге, қызметтік тұрғын үйге, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіптік білім алу мен ауылдық жерде кәсіпкерлікті қолдауға, дамытуға қатысты бірқатар жеңілдіктерді пайдалана алатын болады», – деді депутат. Сондай-ақ, заң жобасында халықты жұмыспен қамтудағы өлшемшарттардың ескіруі мен уақыт талабына сай болмауына байланысты «аудандық маңызы бар қала», «кент» және «ауыл» ұғымдарынан қосымша өлшемшарттарды алып тастауды көздейтін түзетулер ұсынылады. Бұл түзетулер редакциялық сипаттағы түзетулер және қалалар мен ауылдардың өмір тіршілігіне әсерін тигізбейді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу