8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2025 5374 0
Қалалықтар қаперіне

Қала әкімі журналистермен кездесті

Бүгін, сәуірдің 4-і күні «Orta yura» коворкинг орталығында Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов БАҚ өкілдерімен кездесіп, пресс конференцияда көптеген өзекті мәселелерге жауап берді.

Жиында шаһарды абаттандыру, көгалдандыру, ескі гаражды жою, ауыз су, жолаушылар көлігінің қатынасы, «Ақжайық» шағын ауданына қатынайтын көпірдің қашан салынатыны, заңсыз салынған көппәтерлі үйлердің мәселесі, тұрғындардың аулаларына бейнекамера орнату, «Самал» шағын ауданындағы көшелерді жөндеу, жолдағы шұңқырларды жөндеу, тынымбақтың сын көтермеуі сияқты сауалдар қойылды.

Бұл ретте шаһар басшысы М.Байменов: – Сіздер көтеріп отырған мәселелер үнемі біздің бақылауымызда. Ашығын айту керек,барлық шаруа бірден шешіле қоймайды. Өйткені біртіндеп, кезең – кезеңімен жүзеге асатын болады. Бұл орайда билік пен халықтың өзара сенімі,ортақ түсінігі бәрінен маңызды. Біз бір – бірімізді қолдай білсек, айтарлықтай нәтижеге қол жеткіземіз,- деген қала әкімі түйткілді сауалдарға нақты жауап берді.

Сондай – ақ кейбір мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасарлары Ж.Дүйсенғалиев пен А.Халелов тұшымды жауап қайтарды.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
134 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
347 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»