8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қаңтар 2022 1704 0
Қоғам

ҚАЛА ӘКІМДІГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН БІРЛЕСЕ ШЕШПЕК

Кеше Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қоғамдық кеңес мүшелері және қала депутаттарымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі отырысында берген тапсырмаларына іске асыру бағытындағы міндеттерді талқылады.

–Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі. Президентіміз жүктеген міндет – баршамызға ортақ жауапты іс. Осы орайда Мемлекет басшысы атаған міндеттерді Орал қаласында жүзеге асыруда қала депуттатары және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе жұмыс атқаруға тиіспіз, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ шаһар басшысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында тұрғындарға қаланың кез келген жерінде өздерін қауіпсіз сезіну үшін барлық жағдай жасауымыз қажеттігін, Оралды «Қауіпсіз қала» принципімен дамыту маңыздылығына тоқталды. Қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту үшін мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қатаң бақылау,көшелерге жол салу, сапалы ауыз су және жылумен қамтамасыз ету, жарықтандыру, тұрғын үй құрылысы, аулаларды абаттандыру және сол сияқты бірқатар ауқымды жұмыстарды тиянақты іске асыру қажеттігін алға тартты.

-Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажеттігін атап өтті. Осы орайда, қаламыздағы шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлуіміз керек. Әділ бәсекелестік – экономика үшін басты талап. Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары да көбейеді – бұл аса маңызды, –деді қала әкімі Абат Шыныбеков.

Шаһар басшысы қазіргі таңда қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті екенін, көтерме сауда базарлары мен сауда нүктелері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар бағаның көтерілуіне жол бермеу мақсатында әкімдік тарапынан күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілетінін, жергілікті тауар өндірушілер бағаны өсірмейтінін жеткізді. Алайда арадағы алып-сатарлардың бөлшек саудаға әсер етіп жатқанын да тілге тиек етті. Осы орайда азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермей, баға тұрақтылығын қатаң бақылауға алынатынын айтты.

Сондай-ақ қала әкімі Мемлекет басшысының «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу ұзақтығы мен еңбекақы мөлшерін ұлғайту мүмкіндігі, жас азаматтарды Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге тарту мәселелеріне тоқталды.
– Елімізде соңғы күндері орын алған оқиғалар Қарулы күштеріміздің берік, мықты болуын талап ететінін аңғартты. Ол үшін әр әскерге шақыру науқанында жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын ойластыруымыз керек, – деді.

Жиында Орал қалалық мәслихатының хатшысы Есентай Қалиев, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Нұрбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов, мәслихат депутаттары Светлана Бахишева, Жұмабек Жапбаркулов,Алпамыс Камалов,Кенесары Нұршинов,Азима Ғұбашевалар Мемлекет басшысының нақты міндеттеріне қолдау білдіріп, бірлігімізді танытып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»