Қала күніне тарту көп
«Қала күні» мерекесі 3-15 қыркүйек аралығында кең көлемде аталып өтпек. Басты шаралар 8 қыркүйекке жоспарланған.


Өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі биыл 3 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Қала күні» мерекесі аясында өтеді. Оған Батыс Қазақстан облысының өнерпаздарымен қатар Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау қалаларынан өнер шеберлері қатысады.

| Фильмнің атауы | Түрі | Күні | Уақыты |
| Ради будущего | Жастарға арналған фильм | 3 қыркүйек | 15.00 |
| Жеңіс семсері | Балалар фильмі | 4 қыркүйек | 12.00 |
| Меч Победы | Балалар фильмі | 4 қыркүйек | 14.00 |
| Ради будущего | Жастарға арналған фильм | 4 қыркүйек | 16.00-18.00 |
| Қошқар мен теке 1,2
Көксерек |
Мультфильмдер жинағы | 5-6 қыркүйек | 12.00-14.00 |
| Голос Степей | Әр түрлі жастағы көрермендер үшін | 5-6 қыркүйек | 16.00 |
| Рывок | Жастарға арналған фильм | 5-6 қыркүйек | 18.00 |
| Біздің қаланың ханзадасы | Фильм | 7-8-9 қыркүйек | 12.00-14.00 |
| Книга | Әр түрлі жастағы көрермендер үшін | 7 қыркүйек | 16.00 |
| Аманат | Әр түрлі жастағы көрермендер үшін | 7 қыркүйек | 18.00 |
| Жаңғақ тал | Әр түрлі жастағы көрермендер үшін | 8-9 қыркүйек | 16.00 |
| Жол (Путь боксера) | Жастарға арналған фильм | 8-9 қыркүйек | 18.00 |

6 қыркүйек күні кешкі 19.00-де аталмыш амфитеатрда «Орал – Опера» классикалық музыка кеші ұйымдастырылуда. Бұл жерде Халықаралық конкурстардың лауреты, «Астана Опера» театрының солисті Айзада Капонова, БҚО камералық оркестр, Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрада-симфониялық оркестрі және Орал қалалық скрипкашылар ансамблі өнер көрсетеді.

Дәл осы күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында «Сәлем, Астана» гала-концерті болады. Осы кезге дейін «Туған жер» бағдарламасы аясында апта сайын мерекелік концерттерде өнер көрсеткен БҚО аудандарынан үздік деп танылған орындаушылар қаламызды туған күнімен құттықтайды.
7-13 қыркүйек аралығында Әйтиев атындағы спортзалда 7-13 қыркүйек аралығында «Достық-Дружба» халықаралық воллейболдан турнир ұйымдастырылады. Спорттық шараға Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Украина, Белоруссия, Башқұртстан, Татарстан елдерінен және республикамыздың қалаларынан командалар қатысады деп күтілуде.
«Қала күні – 2018» мерекесі аясында 8 қыркүйекте Абай алаңында кешкілік би кеші өтпек. Бұған TimeScOVER ұжымы, Батысstar, Step-ap би ұжымдары, танымал диджейлер, қалалық өнер шеберлері мен ұжымдары қатысады. Бағдарлама барысында қалалық «Мисс Уральск» байқауының жеңімпазы мен жүлдегерлері марапатталады.
М.Ықсанов көшесіндегі сенбілік дәстүрлі ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де «Қала күні» мерекесі аясында өтеді. Дина Нұпейісова көшесіндегі Арбат бойында «Променад» бағдарламасымен гүлдер көремесі, сәндік-қолданбалы өнер жұмыстарының көрмесі, «Оқитын қала», «Буккроссинг» (кітап сөйлейді) акциялары және армреслинг, шашка, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ойындарынан спорттық сайыстар, «STREET WORKOUT», «Биле, Орал» фестивалі өтеді.
8 қыркүйекте Тұңғыш Президент алаңында дәстүрлі «Сапалы өнім – 2018» шарасы өтеді. Бұған облысымызд 18 азық-түлік өндірушілері қатысады. Көрмеде алты бағыт бойынша экспозиция ұсынылады. Олар – ет өңдеу, нан мен кондитерлік өнімдер, су және шырындар, тауық еті, жұмыртқа, күнбағыс майы.
Осы күні Жеңіс алаңында Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтарды жіберу рәсімі ұйымдастырылады.
– Қазіргі уақытта қаладағы «Әмбебап дүкен» ауданында «Туған жер» бағдарламасын аясында Орал қалалық мәслихат депутаты В.Голоухов өз қаражаты есебінен тынымбақты абаттандыру жұмысын жүргізуде. Бұл тынымбақ 8 қыркүйекте салтанатты түрде ашылады. Сондай-ақ қайырымдылық жартылай марафоны өтеді. Ол, 5, 10, 21 қашықтықтар бойынша ұйымдастырылуда. Марафон 15 қыркүйек күні 8.00-де П.Атоян атындағы стадионнан басталады, – дейді қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов.

Билеттер алдын ала стадион кассасында тегін таратылады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу