8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2021 1789 0
Қоғам

«ҚАЛА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНДЕ 198 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Бүгін, 18 қыркүйек күні Орал қаласында 198 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.  Қоныс иелерін облыс басшысы Ғали Есқалиев құттықтап, пәтер кілттерін иелеріне табыс етті.

Зашаған кентінде бой көтерген тоғыз  қабатты тұрғын үй республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынған. Жалпы 2 088, 0 млн. теңге жұмсалды.  Құрылыс жұмыстарын  «Болашақ –Т» ЖШС  бір жыл ішінде салды. Пәтерлердің 81-і – бір бөлмелі, 99-ы – екі бөлмелі, 18-і – үш бөлмелі.

Облыс басшысы Ғали Есқалиев атап өткендей, мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп отырған бұл үйлердің арендалық бағасы – 6-12  мың теңге аралығында.

– Биыл өңірде тұрғын үй құрылысына 18  млрд. теңге бағытталды. Тұрғындарды баспанамен қамтуда жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша  салынған осы үйден көп жылдар бойы жеке баспаналарын күтіп отырған көпбалалы аналар және басқа да санаттағы азаматтарымыз пәтерлерін алуда. Осы қуаныштарыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңыздан жылылық кетпесін,  – деді Ғали Есқалиев. Сондай-ақ облыс басшысы жаңа үй тұрғындарынан алғашқы күннен бастап мүлік иелері бірлестігін құрып, тұрғын үйді күтіп-ұстау мәселесіне бей-жай қарамауға шақырды.

Жаңа үйден баспана алғандардың бірі – Әлмұқановтар. Отбасын құрғандарына 11 жыл болған Ержан мен Әсел – бес баланың ата-анасы, тағы бір сәбиді күтіп отыр.

– Осы кезге дейін пәтер жалдап жүрдік. Балаларымыз кішкентай болғандықтан, қожайындар пәтерге жібере бермейді. Енді үш бөлмелі өз үйімізге қол жеткіздік. Ауданы – 83,42 шаршы метр, өзімізге ұнады,  – деп қуанышын бөлісті отанасы Әсел.

Сондай-ақ осы үйден жетім балалар санаты бойынша 20  азамат пәтерлі болды. Оның ішінде «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінен бес отбасы жаңа үйге көшіп келмек.  «Шаңырақ» үйінің  директоры Өмірбай Қалымбеттің  айтуынша, кейінгі  бес жылда балалар үйінде  тәрбиеленіп шыққан 300-дей азамат баспана алған.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
28 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
27 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
33 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
93 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
70 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»