АЛАҢДА БАТАЛЬОН КОМАНДАЛАРЫ БАҚ СЫНАДЫ
Жуырда қаладағы «Нарын» спорт кешенінде Орал қаласының ПБ Патрульдік полиция батальоның жеке құрамынан жасақталған командалар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жеке құрам арасында салауатты өмір салтын ұстану, тәртіп сақшыларының физикалық дайындығы мен спорт шеберлік деңгейлерін көтеруді мақсат тұтқан аталмыш жарыс батальон командирі полиция подполковнигі Берік Молдашевтің бастамасымен жүзеге асты. Жарыстың қызықты өткені сондай, әр команда жеңіс үшін бар күш-жігерлерін салып бақты. Жеңімпаз командаларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Берік Молдашев, Орал қ.ПБ ППБ командирі полиция подполковнигі,бас төреші:
Үміттерін үкілеп келген командалардың дайындығы жоғары. Спорт — дене мәдениетінің бір бөлігі. Бұл айтулы шараның біздің әскери күштерімізге берері мол деген ойдамыз. Кімнің жеңімпаз болатыны алдағы уақыт енішісінде.
Сонымен, жарыс қорытындысында 1-орынды Орал қаласының ПБ патрульдік полиция баталонының 6 взвод командасы жеңіп алды. Взвод командирі полиция аға лейтенанты Р. Қажгалиевке команданы дайындағаны үшін зор алғыс айтылып, грамота мен сыйлықтар тапсырылды. 2-орынды кавалериялық взводынан құралған команда иеленді жане взвод командирі полиция капитаны Ж.Дүитовке де команданың шымыр жігіттерін ширатып алаңға алып шыққаны үшін алғыс білідіріп, грамота берілді. 3-орынды 1 взвод командасы місе тұтты. Взвод командирі полиция аға лейтеанты Р.Ғұсмановқа да арнайы грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, жеңіске деген жігері мен ұмтылысы үшін «Үздік қақпашы» номинациясын полиция кіші сержаньты Д.Азаматов иеленсе «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша полиция кіші лейтенанты А.Шаппазгереевке ұсынылды.
Гүламан Исмағұлова
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу