8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2019 1823 0
Мәслихат жаршысы

ҚАЛА БЮДЖЕТІ – 44 633 847 МЫҢ ТЕҢГЕ

      Бүгін Орал қалалық мәслихатының 30-кезектен тыс  сессиясының күн тәртібінде  шаһардың  2019  жылға арналған бюджеті нақтыланды. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоғжанов және қалалық мәслихат депутаттары мен құрылымдық бөлімше басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.       

 

Орал қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова 2019 жылға Орал қаласының бюджетін 5 473,4 млн. теңгеге көбейтуді ұсынды. Республикалық бюджет бойынша азаматтық қызметкерлердің жекелеген санаттарына еңбекақыны арттыруға артық бөлуіне байланысты 266,3 млн. теңге сомасында қаражатты қайтару көзделген. Облыстық бюджет қаражатынан 2 292,0 млн.теңгеге «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үйлер мен инженерлік коммуникациялардың құрылысына, 340,6 млн. теңгеге қала жолдарын жөндеуге, 221,8 млн. теңгеге аула аумақтарын абаттандыруға, 61,8 млн. теңгеге қалалық жылу электр орталығында турбоагрегат пен градирняларды қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге, 647,3 млн. теңгеге оқулықтар сатып алуға, 57,5 млн. теңгеге жұмысшы кадрларды оқытуға және жұмысқа орналастыруға трансферттер қарастырылды.

Сол секілді қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұрғын үй массивін газбен жабдықтауға – 31,2 млн. теңге, жолаушылар тасымалын субсидиялауға – 20,0 млн.теңге, жол-көпір шаруашылығын ұстау және жарықтандыруға – 316,0 млн. теңге, тұрғын үйлерді жаңғыртуға – 68,1 млн. теңге, білім беру объектілерінің ағымдағы шығыстары – 280,8 млн.теңге, әлеуметтік қорғау, жастар саясаты және спорттық іс-шаралар өткізуге – 158,0 млн.теңге, мәдени нысандарды ағымдағы жөндеуге – 16,0 млн.теңге,  цифрландыру шеңберінде іс-шаралар өткізуге – 20,0 млн.теңге, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және аяқтауға, оларды сараптауға – 81,1 млн.теңге бағытталған.

Бұдан басқа, Зачаганск кентіне Жәңгірхан көшесі 13-үй бойынша аула аумағын абаттандыруға 7,5 млн. теңге сомасында трансферттер қарастырылған. Белгіленген өзгертулер есебімен қалалық бюджет 44 633 847 мың теңгені құрайтын болды.

Сондай-ақ Зашаған кентіне бөлінген 12 млн. 297 мың теңгеге балалар ойын алаңдары салынып, 25-Чапаев дивизиясы мен Саратовская көшелері күрделі жөнделмек және спорт алаңын орнатуға жобалар бойынша сараптама жүргізіледі. Круглоозерный кентіне – 1 млн. 238 мың теңге, Желаев селолық округіне – 165 мың теңге аппараттың шығындарына қарастырылған.   Белгіленген өзгертулер есебімен Орал қаласының кенттері мен ауылдық округінің бюджеттері 537 млн. 373 мың теңгені құрады. Депутаттар         қалалық бюджетке ұсынылған өзгертулерді бірауыздан бекітті.

Сессия барысында  қалалық мәслихаттың «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне  өзгерістер енгізіліп,  Орал қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

  

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
111 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
332 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
818 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1195 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1112 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1555 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2170 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2338 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2344 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2397 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2029 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2879 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2932 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2928 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3538 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3510 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3496 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3475 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3636 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3682 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»