Алғаш рет ескерткіш тақта ашылды
Бүгін, 29 маусым күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония қабырғасында қос бірдей ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті.
Шараға БҚО басшысы, ел азаматы Нариман Төреғалиев қатысып, сөз сөйледі. Журналистер күніне орай ұйымдастырылған шараны «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, жазушы Бауыржан Ғұбайдуллин жүргізді.Бірінші тақта – 1963-1984 жылдары қазіргі филармония ғимаратында жұмыс істеген «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінің редакциясына арналды. Екіншісі – осы ғимаратта 1963-1973 жылдары қызмет жасаған Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Хабир Аймұхамедұлының құрметіне арналды.
Хабир Нұрмұхамедов майданда әскери тілші, соғыстан соң КСРО Министрлер Кеңесінде аудармашы болған. 1948-1951 жылдар аралығында, 1963-1973 жылдарда облыстық «Орал өңірі» газетінің тізгінін ұстаған. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін түрлі орден, медальдарымен марапатталған.
Маңызы зор шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиев ескерткіш тақтаны Хабир Аймұхамедұлының кенже ұлы Игорь Нұрмұхамедпен бірге салтанатты түрде ашып, гүл шоғын қойып, тілегін жеткізді. – Барша журналистер қауымын төл мерекелерімен құттықтаймын! Батыс Қазақстан өңірінің дамуына үлкен үлес қосқан журналист, майдангер ағамыздың құрметіне бүгін ескерткіш тақтаны ашқалы тұрмыз. Кейінгі ұрпаққа үлгі болады деген ойда осындай игі істің куәсі болдық. Өңірімізде алғаш рет журналистерге арналып ескерткіш тақтаның ашылуы – біз үшін үлкен қуаныш. Қызметтеріңіз абыройлы болсын! – деді облыс басшысы өз құттықтауында.

Хабир Аймұхамедұлымен қызметтес болған ардагер журналист Мәжит Қайырғалиев сөз алып, біршама журналистің дамуына жол ашқан тұлғаны ұмытпау керегін айтты. Хабир Аймұхамедұлының ұлы, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ардагері Игорь Нұрмұхамед өз ризашылығын білдірді.
Арадагер, аға буын және жас журналистер, БАҚ өкілдері ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, ақтан ауыз тиді.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру

Пікір үстеу