АКАДЕМИЯ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
22 мамырда «Antikor ortalygy» сервистік орталығы арқылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы тыңдаушыларына дәріс оқылды.
Дәріс барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жүргізу түсіндірілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, қоғам өкілдерін іс-шараларға қатыстыру мәселелері түсіндіріліп, тыңдаушылар тарапынан қойлыған сұрақтарға жауап берілді.
Версия для печати
Пікір үстеу