8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2021 1364 0
Қоғам

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

Тәуелсіздіктің  30  жылдығына орайластырылған «30 игі іс» акциясы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Орал қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдері қызметкерлерінің бастамасымен мұқтаж отбасыларға көмек көрсету бойынша қайырымдылық шарасы өткізілді.


«Қасиетті Рамазан айында біздің қызметкерлер мұқтаж азаматтарға көмек қолын созуға ниет білдірді. Мүмкіндігімізше өзіміз білетін көпбалалы отбасыларға азық-түлік алып беріп, көмектесейік деп шештік. Жақыныңа жанашыр болып, жәрдемдескеннің өзі бір ғанибет»,- дейді Орал қалалық  №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Светлана Құсайынова.

Қайырымдылық жасау – өмірі, болашағы туралы ойланатын, келешек ұрпағына ізгі ниетті амалдарды қалдыруды қалайтын саналы адамзат өмірінің ажырамас бөлшегі. Сондықтан бұл бір реттік қана шара емес. Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні де Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халықтарының ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының бастамасымен өткен 50 отбасыға азық-түлік себетін таратуға атсалысты.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»