ҚАЙЫРШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР ҰСТАЛДЫ
Жасөспірімдер қылмысын алдын алу, оқудан қашып, қайыршылықпен айналысып жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында 30 қазан мен 2 қараша аралығында «Қайыршылық» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу шарасы барысында 88 жасөспірім анықталып, түнгі уақытта заңды өкілдерісіз жүргені үшін ата-аналары жауапқа тартылды. Балалары алдындағы міндеттерін орындамағаны үшін 13 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.
Жыл басынан бері Шаған полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мектеп инспекторлары бірлесе ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірнеше рейд ұйымдастырды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабымен 93 дана әкімшілік хаттама толтырылды. Рейд барысы мен кешенді тексерістер көрсеткендей, «Жәңгір хан», «Зачаганск», «Жадыра» сынды ірі сауда үйлері маңайында, азық-түлік дүкендеріне іргелес аймақтарда ұсақ құқық бұзушылықтарға жиі орын берілетіні белгілі болды.
-2019 жыл басынан бері Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабымен 27 әкімшілік хаттама толтырылып, 30 қазан мен 2 қараша аралығындағы «Қайыршылық» атты жедел алдын алу іс шарасы кезінде 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Жеңіл өмір сүру қамын ойлап, көзіне көрінген жаннан алақанын жайып тиын-тебен сұрайтындардың дені кешқұрым шығады, түнде кездестіреміз, аталмыш жедел алдын алу іс шарасына учаскелік полиция инспекторлары өзінің аймақтарын қадағалап зор үлестерін қосты, – дейді түнгі рейдтен оралған Шаған полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Элмира Құлтаева.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу