8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қыркүйек 2021 1683 0
Қоғам

ҚАЙРАТКЕРЛІГІ БІР ТӨБЕ!

Қадірлі оқырман қауым! Бүгін, 5 қыркүйек күні Ақ Жайық деген киелі өлкеге және Қазақ еліне айрықша қолтаңбасын қалдырған арда азамат, Мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат,  тек Батыс Қазақстан облысында ғана емес бірнеше лауазымдық қызметтерді Талдықорған мен Көкшетау облыстарында да абыроймен атқарған, Қазақстанның Өзбекстандағы және Украинадағы елшісі болған, еңбегі төрткүл дүниеге әйгілі ағамыз, сыйлы ақсақалымыз ЕСҚАЛИЕВ НӘЖІМЕДЕН ЫҚСАНҰЛЫ мерейлі 80 жасқа толып отыр.

Біз, барша Ақ Жайық атырабының ел-жұрты атынан ел зиялысы, ұлт мақтанышы, танымал тұлға Нәжімеден Ықсанұлын торқалы тойымен құттықтап, «Тоқсанның төріне шығыңыз , Жамбыл атамыздың жасынан асыңыз, жанұяңызбен, ұрпақтарыңызбен аман-сау жүріңіз, Аға! » деп бірауыз жүрекжарды тілегімізді айтамыз.

Осыдан бірнеше ай бұрын редакциямызға келіп түскен қала тұрғыны, тарихшы З.Шарафутдиновтың мерейтой иесі туралы мақаласын орайы келгенде жариялауды жөн көріп отырмыз.

Редакция алқасы

Қайраткерлігі бір төбе!

(Ел ақсақалы Нәжімеден Есқалиев туралы сыр)

Күнделікті тірлікте көзбен көріп, қолмен ұстаған затымызды қадірлей білмегеніміз былай тұрсын, «аға» деп, алдын көріп, «іні» деп, сенген» үлкендердің қоғамда атқарған азаматтық келбеттерін біле тұра, оны жариялауға келгенде желкенің қыр бермей тұратыны рас! Бұл ой маған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ағам Шыныбайдың өмірден озған шағында келген еді. Қазақ халқы өр ұлдары мен қырағы қыздарын тарихта хаттап, ықылым заманнан қашап келді деуден аулақпын. Алайда, Абайдан басталған жазба әдебиет жалғасын тауып, бүгінде жариямызға жарап тұр. Десек те, өз ұлдарымызды ұрандауда өзгелерден кемшін түсіп жатқанымыз жасырын емес. Содан да болар қазіргі қоғамда кешегі танымал тұлғалардың бүгінгі егемендік санада танылмай қалуы. Мұны өз басым саясатта дұрыс саналғанымен, тарих үшін кешірілмес ұғым деп ойлаймын. Өйткені, «қайраткерлік» деген, екінің маңдайына жазыла бермейтін тағдыр тәбәрік. Кешегі ХХ ғасырдың басындағы Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың қоғам айрығындағы жол таңдау күрескерлігі, қайта айналып қазаққа соққанда абыржып қалғандар аз болған жоқ. Алайда, саясаттың салдарын ерте аңғарып, түрлі ішкі және сыртқы өшпенділікті ауыздықтауда салиқалы да, салмақты ұсталықты көрсеткен азаматтардың әр тараптан бой көрсетіп, тарих сахнасына келгені де жасырын емес. Әсіресе, Қазақстанда болған 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі, 1989 жылғы Жаңаөзендегі қазақтар көтерілісі мен 1991 жылғы Оралдағы қыркүйек оқиғалары кімнің кім екенін танытқан тарих үшін тәлімі мен тағылымы бар күрескерліктің үлгісі болғаны аян. Осы тұста елім-жерім деген азаматтар ұранға шығып, халықтың бірлігі жолында қайсыбір жекелеген тұлғалардың азаматтық бейнесі қоғамда көрініс таба бастады. Бұл, әрине, жақсы құбылыс десек, сол құбылыстардың басында көш бастағандардың бірі – Нәжімеден Есқалиев ағамыз еді.

Өздеріңізге мәлім, тіпті танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтің қайраткерлік бейнесі кешегі кеңестік 1985 жылғы қайта құру кезіндегі «пікірталас», «жариялылық», «демократия» деген жалаң ұрандардың қызған шағында да көрініс тауып, 1991 жылғы Орал оқиғасы кезінде айшықтала түсті. Тарихтан мәлім 1991 жылғы Кеңестер Одағында болған «тамыз» төңкерісінен кейінгі жағдай халық үшін де, қоғам үшін де аса тұрақсыз еді. Тұтас жүйе құлады. Одақ пен республика жергілікті биліктің мәселелерін шешуді өздеріне қалдырып, қандайда бір шешім шығаруда дәрменсіздік танытты. Жоғарының билігі жергілікті билікті тек бақылап қана отырды десе де болады. Осы тұста барлық шешімді алу және қадағалау мен орындау өңірдегі бірінші басшылардың саяси ұстанымы мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында атқарылып жатты. Міне, осы кезде Нәжімеден Есқалиевтің қарым-қабілеті мен саяси танымы жергілікті билікті нығайтуда, халықтар арасында үгіт-насихат жүргізу арқылы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының алғы шарттарын жасауы көпке үлгі боларлық еңбек еді. Тарихтан белгілі бір қоғамнан екінші қоғамға өту қашанда ұлт-азаттық қозғалыс туғызып, халық арасында қан төгісті оқиғалар соқтығысына әкеп соғады. Мұндай сәттерді біздің елімізде бастан өткерді. Желтоқсан жастар көтерілісі (саяси бостандық үшін-З.Ш.), Жаңаөзен көтерілісі (әлеуметтік тұрмыс үшін-З.Ш.) өкінішке, орай төгісті жолмен тарихта қалса, Орал оқиғасы бейбіт жолмен шешімін тапты. Бұл арада тағы да Нәжімеден Есқалиевтің қайраткерлігі мен мұндалап көрінді. Әсіресе, өңір басшысының бейбіт саяси ұстамы мен халықпен (қазақ, казак, орыс, украин, дін өкілдері, ақсақалдар алқасы т.б.) бейбіт келісім жүргізу нәтижелерінің дөңгелек үстел форматында өзара пікір алмасу арқылы түсінік жұмыстарының атқарылуы барысында арандатудың алды алынды. Осы тұста облыс басшысы ретінде Нәжімеден Есқалиевтің әр ұлттың топтық өкілімен жекелей кездесіп, қарапайым халықтық кеңес оздырып (тобырлы – партиялық емес-З.Ш), көпшіліктің өтініштері мен талаптарын тыңдап, көпті көндіруі – нағыз қайраткерлік еді! Тіпті бұрын-соңды партияға «жат» деп келген дін өкілдерін сол тұста саяси-қоғамға араластырып, халықтар арасына көпір ретінде пайдаланып, оларды билік пен халық арасында ұтымды қолдануы партия тарихында бұрын болмаған оқиға және тың құбылыс болатын. Осылайша, билік Есқалиев, владыко Антоний және молда Зайнолла Орал оқиғасының қан төгіссіз өтуіне зор үлес қосты. Адами қасиеттерімен септігін тигізді.

Кейіннен, Есқалиев салған сара жол, яғни, дін өкілдерін қоғамдық жұмыстарға тарту қазақ қоғамында кеңінен пайдаланылды. Өзінің биік сатысында жүріп талай шәкірт тәрбиелеген Нәжімеден Есқалиевтің азаматтық келбеті мен қайраткерлік жолы бір әулет үшін ғана емес, жалпы бүтін қазаққа үлгі боларлық тағылымды өмір. Бүгінгі ұрпақ Батыс Қазақстан облысын 1985-1992 жылдары басқарған Нәжімеден Есқалиевті өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына үлесін қосқан білікті басшы ретінде жақсы таниды.

Әсіресе, Ақ Жайықты өлкелік басқаруына белсенді мамандарды тартып, бастарын қосуда бір ғана талапты қоя білді. Ол – әр адамның ар тазалығы мен өз ісінің білгір маманы болуы еді!

Жалпы Нәжімеден Есқалиевтің басшылықтағы өмірлік кредосы «Әлсіздердің алдында әлсіз болу, ал күштілердің алдында күшті болу» еді. Ол өзінің осы өмірлік ұстанымын қай қызметте жүрмесін ақырына дейін ұстап өтті. Бұл да ел ағасыНәжімеден Есқалиевтің өзгелер үшін ар алдындағы және халық алдындағы тазалығының бір көрінісі болып қалды.

Қорыта айтқанда, тағылымы терең, қызметі үлгі, өмірі өнеге мен тәрбиеге толы танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевті өз басым «танылмаған танымал тұлға» деп білемін. Жайық өңірін басқарған кездегі жарқын істерін жерлестеріме және өсіп келе жатқан жастарға үлгі етемін.

Зұлқожа ШАРАФУТДИНОВ,
тарихшы-өлкетанушы, Орал қаласы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
353 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
361 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
493 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
789 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
887 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1125 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1391 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1620 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1655 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1808 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2003 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2228 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2314 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»