Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егістік және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөледі
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылғы наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, қазіргі төтенше тұрақсыз халықаралық жағдайда еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Егіс науқанының сапасы бірінші орында тұр, ондағы негізгі мәселе – егіншілерді несиелік қаражатпен қамтамасыз ету.Жыл сайын Корпорация қысқа мерзімді бюджеттік несие тарту арқылы шаруаларды көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 70 млрд теңге көлемінде қаржыландырады.Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 90,7 млрд теңгеге 3 111 өтінім түсті, оның ішінде 64,1 млрд теңгеге 2 мыңнан астам қарыз алушы қаржыландырылды. 15 сәуірге дейін қаржыландырудың қалған сомасына 500-ден астам шаруа қожалығын несиелендіру жоспарлануда.Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен түскен өтінімдер көлемін, ағымдағы макроэкономикалық жағдайды, шаруалардың егіс науқанына жұмсайтын шығындарының өсуін ескере отырып, Аграрлық несие корпорациясы 70 млрд теңге көлемінде қосымша бюджет қаражатын тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолға алынды, қаражатты қабылдаудың болжалды мерзімі – ағымдағы жылдың мамыры.Егістіктерді уақтылы жүргізудің кезек күттірмейтін қажеттілігін ескере отырып, Корпорация бюджеттік несие қаражатын алғанға дейін шаруаларды жеке және тартылған қаражат есебінен несиелендіруді бастады, кейін бұл қаражат бюджеттік несие қаражатымен алмастырылады.Несиелеу барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан 17 филиал арқылы, сондай-ақ кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарын қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.Анықтамалық ақпарат:«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді. Корпорацияның жұмысы жеке қаржы институттарын тарту және АӨК субъектілерінің құзыреттерін арттыру арқылы қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру жолымен республиканың агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметіТел.: +7 701 722 8251 (Әлия Еңсебаева)
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу