8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Сәуір 2021 2280 0
«Жайық үні» — 30 жыл

ҚАДЫРДЫ ОҚЫТҚАН АРДАГЕР

«ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ  ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!»

     

 

Бұл мақаламды 2016 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, жымпитылық Өтеғали Жолдығұловтың рухына арнап жазыппын. Қадірлі Қадыр Мырза Әлиге сабақ берген қарапайым мұғалім Серікқали Шарабасов пен Әспет Жолдығалиқызының аяулы әкелері екенін оқырмандар есіне сала кетейін.

Автор.

 

«Ұлы Жеңіс!

Ер тұлғалым! Еңселім»

Әм солдатың,

Әм жыршың ем мен сенің!

Жарағанмын бір тірегің болуға,

Тұрған кезде дүние тегіс теңселіп».

Осылай деп абыз ақын Сағынғали Сейітов жырға қосқандай, бүгінгі ұрпақ сұрапыл соғыста қан кешкен, отты майданда жаумен арпалысқан аталарын, әкелерін, ағаларын, інілерін еске алуға асық. Қасиетті Сырым топырағында, яғни Жымпиты ауылында дүниеге келіп, сұрапыл соғысты көріп, ерен ерлігі үшін І-дәрежелі «Отан соғысы» орденін және бірнеше медальдарды кеудесіне таққан ардақты азамат, ақын Қадыр Мырза Әліге кезінде сабақ берген ұлағатты ұстаз Өтеғали Жолдығұловты бұл күнде ұрпақтары, жерлестері тебірене еске алады.

суретте: Өтеғали Жолдығұлов пен зайыбы Күлжан Жұмағалиева

Соңына өшпейтін із, кейінгі жастарға өмірінен өнеге қалдыра білген Өтеғали Жолдығұлов 1916 жылы Жымпиты ауылында дүниеге келген екен. 1936 жылдың қыркүйегінен 1939 жылдың қараша айына дейін Бұлдырты орта мектебінде мұғалім болып, физика-математика пәндерінен шәкірттерге сабақ береді. Ұлағатты ой айтады. Сол секілді заманымыздың заңғар жазушысына, қарымды қаламгеріне айналған Қадыр Мырза Әліге де математика пәнінің қыр-сырын меңгертеді. Болашағынан сол кездің өзінде үкілі үміт күттірген бала Қадырды шешуі қиын, күрделі пәнге оқытады. Өтеғали ағаның сүйікті ұлы Тілеген Жолдығұлов та бізге айтқан мына бір әңгімесінде әкелерінің еліміздің қадау талант иесі Қадыр ақынды оқытқанын мақтан тұтады.

– Қадыр аға менің әкемнің сабақты өте жақсы, беске оқитын шәкірті болған екен. Қазір сол өңірдегі білім ұясы – Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта білім беретін мектеп болып аталады. Әкеміздің басқа шәкірттері еліміздің бетке ұстар азаматтары болды,– дейді ол. Атап айтсақ, Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы медициналық институтты бітіріп, сонда ұстаздық еткен медицина ғылымдарының кандидаты М.И.Нұғманова, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Г.Ахметовтер Өтеғалидай мұғалімнің алдын көріп, тәлім-тәрбиеге қаныққан екен. Сонымен, Ұлы Отан соғысының ардагері Өтеғали Жолдығұловтың туғанына биыл – 100 жыл толып отыр. Мынау жарық дүниемен мәңгілікке қоштасып, о дүниеге аттанғанына мамыр айында 30 жыл болмақ. Ұл-қыздары әр кез күрсініп, сағынып еске алатын ардақты әке, өнегелі отағасы Өтеғали Жолдығұлов 1939 жылдың қараша айында әскер қатарына шақырылады. Әр ер азаматтың мойнындағы жүгі, парызы саналатын әскери борышын Өтеғали ағамыз да қатарластары секілді абыроймен өтейді. Содан жүрегі лүпілдеп, көңілін шаттық кернеп, енді аз-мұз уақыттан соң елге қайтамын деп тұрғанда сұрапыл соғыс күтпеген тұстан басталып кетеді. Тұтқиылдан шапқан жау жап-жас жігіттің өрекпіген көңілін, елге деген сағынышын су сепкендей басады. Енді қайтпек?! Белін буып, әскери шинелін қайтадан киіп, иықтас жігіттермен бірге майданға аттанады. Осылайша алай-дүлей басталған Ұлы Отан соғысына жерлесіміз Өтеғали Жолдығұлов 1941 жылы 22 маусымда алынады. Содан 1943 жылдың қараша айына дейін кеңес әскерлерінің қатарында болады. Жаумен бетпе-бет күреседі. Алдымен 81-ші атқыштар дивизиясында, 1942 жылдың шілде айында 353-ші атқыштар дивизиясының 1147-ші атқыштар полкі құрамында болады. Осылайша ұрыс майданында күн демей, түн демей фашистермен айқасады. Отан үшін от кешеді. Бірақ, ағамыз 1943 жылдың қараша айында жауға қарсы шайқаста оқыстан жарақаттанады. Бұршақтай жауған жау оғы Өтеғали Жолдығұловтың сол жақ аяғына тиіп, ауыр зақымданады. Әп-сәтте қызыл қанға боялған жаралы солдатты майдандастары әскери госпитальға жеткізеді. Мұнда ол тапжылмастан төрт ай жатады. Амал нешік, ақыры 1943 жылдың 17 қарашасынан 1944 жылдың наурыз айына дейін емделуіне тура келеді. Ауыр соққы алған жас сержант басын төсектен шақ көтерген бойда әскери қызметін жалғастыруға асығады. Сөйтіп, 28-ші запастағы атқыштар полкінде санитарлық инструктор болады. 1945 жылдың 9 мамыр күні барша отандастарымыз жауды тойтарып, Жеңіс туын көкке желбіретеді. Бірақ, елдің ертеңін ойлаған Өтеғали Жолдығұлов сол жылдың қара күзіне дейін майданда болып, 1945 жылдың қарашасында әскери қызметінен біржолата босап, елге оралады.

– Әкеміз кейде «Қадырдай тума талантқа сабақ беру үшін жау оғынан, кескілескен ұрыстан аман қалған шығармын. Осындай бейбіт заманды, өздеріңді, отбасымды, ағайын-туысымды, жерлестерімді көру үшін, ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуім үшін алтын бесік ауылдың дәм-тұзы бұйырған шығар» деп тебіреніп еске алатын. Елге келген соң ұзақ жылдар зейнеткерлікке шыққанға дейін Жымпиты орта мектебінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берді. Соғыстағы көрсеткен ерліктері жоғары бағаланып, көптеген орден, медалдармен марапатталды. І-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденін кеудесіне жарқырата тақты. «1941 – 1945ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске -20, 25, 30, 40 жылдықтарының» мерекелік медалдарын иеленді. Біз, осындай әкеміздің ерлігіне басымызды иеміз. Биыл, міне, туғанына 100 жыл толып отыр. Осы күнге дейін әкеміз туралы ешқандай естеліктер, мақалалар жазылмады. Отағам Серікқали Шарабасов атам туралы өзім жазамын, 100 жылдығына орай рухын ұлықтаймын деп жүр еді. Өкінішке орай бұл күнге ол да жете алмады. Біздің мақсатымыз, асқар таудай әкемізді, сұм соғыста жаудан елін қорғап, тыныш заман әперген осындай ерлерімізді қазіргі жастарға, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге тұту, – дейді бұл күнде о дүниелік болған аяулы ұстаз-ғалым, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Серікқали Шарабасовтың зайыбы  Әспет Өтеғалиқызы. Осы орайда тілге тиек ете кетейік, Әспет апай да әке жолын жалғастырып, ұзақ жылдар бойы Орал қаласындағы айтулы мектептерде физика-математика пәнінен сабақ берді. Білікті математик ретінде сан жүздеген шәкірттерді терең білімге баулып, республикалық, облыстық олимпиадаларға шыңдады. Ұлағатты ұстаздың да оқушылары талай байқауларда оза шауып, күрделі есептерді шығарудан алдарына жан салмады. Міне, ұрпақтар сабақтастығы деген осы.

Сонымен, ардагер Өтеғали Жолдығұловтың кеудесі талай медальдарға толды. Отан үшін отқа түскен жауынгердің еңбегі елеусіз қалмады. Бұған да шүкір. Ойлап отырсақ, етігімен саз кешкен қаншама майдандастар жұртымен аман-есен қауышпақ түгіл, жау оғынан аман қалмады. Ал біздің Өтеғали ағамыз ел-жұртының ыстық-ықыласына бөленді. Оның өр кеудесі «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, Кеңес одағының маршалы А.Гречконың «1941-1945 жж. соғыс ардагері» белгісімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы «Ерлігі үшін», «СССР Қарулы күштеріне – 50 жыл», 1970 жылы еңбектегі ерлігі үшін «В.И.Ленин 100 ж.» медалдарымен толықты. Айтулы ардагер Өтеғали Жолдығұлов бақытты отбасында шалтты өмір сүрді. Құдай қосқан қосағы, соғыс және тыл ардагері Жұмағалиева Күлжан апа екеуі үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Бәрі де жоғары білім алып, бүгінде оларда әр салада ел қатарлы еңбек етуде. «Өмір – өзен» дегендей, ардагер ұстаз, өңірге сыйлы жан бала-шағасының қасында, жанұясының ортасында әлі де жүрер еді. Амал қанша, 1986 жылдың дәл осындай мамырында көз жұмды. Ардагердің топырағы туған жердің төсінде жатыр.

1923 жылдың 1 қаңтарында Жымпиты ауылында туған, бойжеткен соң табиғаттың заңымен тағдырын Өтеғали ағамызбен тоғыстырған Күлжан Жұмағалиева да жасынан қара жаяу болмаған көрінеді. Ел басына күн туған қиын кездерді басынан өткерген соғыс және тыл ардагері. Ол соғыс басталған тұста Орал педагогикалық училищесінде оқып жүреді. 1942 жылы оқуды тәмамдап, Қаратөбе орта мектебіне жолдамамен барып мұғалім болады. – Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін деген ұранмен жеке басымыздың қамын ойламай, қайткенде жауды жеңу үшін тылда күні-түні еңбек еттік. Әсіресе мектеп жасындағы балалар көп тер төкті. Күндіз білім ұясында сабақ оқытып, кешкісін оқушы қыздарды жинап, шамның жарығымен майдангерлерге қолғап, ұйық тоқимыз, ұршықпен жіп иіреміз. Жаз айларында оқушыларды ілестіріп келдек  тереміз. Шөп шауып, шөмеле салып, шыққан егінді төкпей-шашпай жинап, басқа да қолмен жасалатын жұмыстарға жәрдемдесеміз. Үстімізге киетін дұрыс киім де болған жоқ, киімдерімізді түнде жуып, ертеңмен қайта киіп аламыз, ішетін тамақ та тапшы. Біздер көрген қиындықтарды қазіргі ұрпақ көрмесін, – дейді дәл бүгінгі таңда балаларының ортасында шалтты тұрмыс кешіп отырған Күлжан ана. Осындай еңбекқорлығы үшін ұстаз-ана «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Еңбектегі ерлігі үшін» (1948 жыл), Ұлы Жеңістің 40, 50, 55, 60, 65 жылдық мерекелік медальдарын алды. «1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері» белгісімен 2000 жылы марапатталды. Сондай-ақ 2004 жылы Украина Президенті Л.Кучманың атынан берілген «Украинның неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 60 жыл» мерекелік медалін иеленді. Бұған қоса, «Белоруссияның немісфашист басқыншыларынан азат етілгеніне 65 жыл» мерекелік медалі және бар. Соғыс аяқталғаннан кейін де Жымпиты жерін қайта түлеткен еңбек ардагері Күлжан Жұмағалиева зейнет демалысына шыққанша ұстаздық етті, басқа да салаларда еңбекке белсене араласты. Ардақты ана 2010 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Күміс алқа» алқасын төсіне тақты. Иә, ерлік ешқашан өшпейді. Тарих өткенді тірілтіп, қайта жаңғыртады. «Ер есімі – ел есінде» деген осы. Елімізге азаттықтың таңын сыйлап, Ұлы ерлікті ұлағат еткен Өтеғалидай ағамыздың жүріп өткен жарқын іздері осылайша ұрпақтар есінде жаңғыра береді, жаңғыра түседі.

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА,
«Жайық үні», 2016 жыл

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
86 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
150 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
385 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
867 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1245 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1145 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1603 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2220 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2385 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2392 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2443 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2448 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2061 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2927 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2981 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2975 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3588 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3556 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3547 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3522 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3683 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»