8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2020 2499 0
Қоғам

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИДІҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

Ақын, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің туғанына биыл – 85 жыл. Ақынның мерейтойына орай бүгін, 25 ақпан күні Жастар Мәдениет үйінде «Өз елім» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Шығармашылығы даналықпен дараланған ақынды ұлықтауға арналған кешті қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ашты. Сондай-ақ 5 қаңтар мен 5 ақпан аралығында оздырылған «Қадырды бірге оқимыз» атты қалаішілік акцияға белсене қатысқан оқырмандарды қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Кеш барысында әр жастағы оқырмандар ақынның өлеңдерін оқыды. Өлеңмен өмір сүріп, қазақ әдебиетін байытуға зор еңбек сіңірген тұлғаның шығармашылығын оқуға үндеді. Жастар Мәдениет үйінің өнерпаздары өлеңдеріне жазған әндерді шырқады.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»