8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2019 1891 0
Дені сау ұлт

АДАМДАРДЫҢ КӨЗ ЖҰМУЫНА ӘКЕЛЕТІН АУРУ ТҮРЛЕРІ ТҮЗІЛДІ

7 сәурі – дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күнді атап өтудегі мақсат – жұртшылық назарын денсаулық саласындағы көкейтесті мәселелерге аудару. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл медициналық көмектің негізгі түрлерінің қолжетімділігіне тағы бір рет тоқталуды көздеп отыр. Себебі, ұлт саулығын сақтауға қарапайым тексерулердің өзі жеткілікті.

Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанда негізгі деген аурулардан 19,3 мың адам көз жұмған. Оның 7,5 мыңға жуығы – еңбекке қабілетті жастағылар. Халқының саны 18 миллионнан аспайтын еліміз жыл сайын «тепсе темір үзетін» 7,5 мың тұрғынынан айырылып отырады.  Мамандар пікірінше, бұған өлім-жітімнің басты себепкері болатын негізгі 5 аурудың ықпалы мол. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы бойынша адамдардың көз жұмуына апаратын аурулардың бестігі  төмендегідей түзілді.

  1. жүрек-қан тамыры аурулары;
  2. онкологиялық сырқаттар;
  3. жүрек аурулары;
  4. ми қан айналысының бұзылуы (инсульт);
  5. қан қысымының артуы (гипертония) ;

Қайтыс болған науқастардың басым бөлігінің өліміне дәрігерге өте кеш қаралуы себеп. Яғни, «дер кезінде анықталған жағдайда олардың өмірін сақтап қалуға болар еді» дейді мамандар. Сондықтан Медициналық сақтандыру қоры алдағы уақытта аурудың алдын алу мәселесіне басымдық беруді жоспарлап отыр.

Статистикаға сүйенсек, жыл сайын елімізде  2,9 миллионға жуық адам ауруханаға жатып емделеді. Оның 70 пайызға жуығы немесе 1,9 миллионы – дерт меңдеп, ауруханаға шұғыл түрде жеткізілгендер. Былайша айтқанда, Қазақстанда әрбір оныншы адам дәрігерлер алдына өміріне қауіп төнген кезде ғана келеді деген сөз. Мұндай жағдайда науқастың тегін негізгі көмектен бөлек, бағасы қымбат процедуралардың ақысын қалтасынан төлеуге мәжбүр болатыны жасырын емес.  Әлбетте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін көрсетілетін, шығыны аз диагностикалық процедуралардың көмегімен мұның алдын алуға болады, дейді мамандар. Мәселен, 2019 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша  бюджеттен 32,9 млрд млрд теңге  кепілдендірілген тегін көмектің көлеміне   бөлінді. Оның 14,6 млрд жуығы емханалық-амбулаторлық көмекке жұмсалып, профилактикалық іс-шараларға басымдық берілмек.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты орындайтын 51 медицина ұйымының 15-і жеке меншік.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
213 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
226 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
505 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
978 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1356 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1221 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1714 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2333 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2496 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2503 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2555 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2559 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2135 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3037 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3092 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3084 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3702 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3666 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3657 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3632 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3792 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»