АДАМ САУДАСЫНА ҚАТЫСТЫ ТӨРТ ФАКТІ ТІРКЕЛДІ
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешіміне сәйкес 30 шілде – дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні саналады. Осыған сәйкес БҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Адам саудасына қарсы бірге күресейік!» атты іс-шара өткізді.

Шараның мақсаты – жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мәдени ағарту және іс-шараны ақпараттық-насихаттау болып табылады. Аталмыш іс-шара демалыс уақытында жүрген оқушы балалар үшін «Еуразия» сауықтыру кешенінде, «Самал» жасөспірім лагерінде және жетім балалар тәрбиеленетін балалар ауылында ұйымдастырылды. Шараға БҚО Білім басқармасының бас маманы А.Залмұқанова және адамдардың құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы БҚО филиалының директоры П.Кочетков қатысып, тақырып аясында балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кейін оқушыларға тағдыр тәлкегіне түсіп, адамның арбауында қалған қыздың өмірі жөнінде бейнеролик көрсетілді. Шара соңында адам саудасының алдын алу мақсатындағы үлестірмелі парақшалар таратылды.
Ағымдағы жылдың басынан адам саудасына қатысты төрт факті тіркелді. Оның ішінде біреу жасөспірімдерді жезөкшелікке тарту, бір факті жезөкшелік қызметке тарту болса, және жеңгетайлықпен айналысуға қатысты үш факті тіркелді. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлімі (жыныстық сипаттағы қызмет ұсыну мақсатында қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 17 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Қазақстан Республикасы ІІМ нұсқауына сәйкес БҚО аумағында тоқсан сайын «STOP трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылады.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу