8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қыркүйек 2019 2356 0
Өзек

АБАЙЛАҢЫЗ – БАЛАЛАР. ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ КӨБЕЙДІ

Батыс Қазақстан облысының  тәртіп сақшылары Орал қаласында кезекті республикалық «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.

Аталған аталған акция барысындағы іс-шаралардың бірі қаладағы №7 жалпы орта білім беретін мектепте өтті. Мектеп жанында арнайы жаяу жүргіншілер үшін салынған жүргіншілер жолағы қайнаған көлік қозғалысының ортасында орналасқан, бұл жол арқылы оқушылар күнде сабаққа өтеді.  Шара сабақ түрінде өтті. Сабаққа бастауыш сынып оқушылары қатысты. Мектептің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Айнұр Жанабайқызы алдымен балаларға интерактивті тақта арқылы жол ережелерін сақтау бойынша бейнеролик  көрсетіп, кейін оқушылардың жол ережесіне қатысты түрлі сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, мектепте құрылған жас жол инспекторлары жаяу бүлдіршіндерге жол үстінде өтуге көмектесіп, жол ережесін түсіндірді,  жол инспекторы ұсынған жол жүру қауіпсіздігі жөніндегі парақшалар, күнтізбелер мен шағын блокноттарды көлік жүргізушілеріне және жаяу жүргіншілерге таратты.

– Көлік құралын бірден тоқтату мүмкін емес, сондықтан жолдан өткен кезде мұқият, әрі сақ болуды әрқашан есте сақтауыңыз қажет. Жолдан өту тек «Жаяу жүргіншілер өтпесі», «Жолақ» жол белгілері көрсетілген жерлерден, қиылыста бағдаршамның жасыл сигналы арқылы жүру қажет. Қозғалыс ағыны көп көшелерден өтуге тыйым салынады, ол өмірге және денсаулыққа өте қауіпті, – деді Орал қ.ПБ Абай полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы  Бибінұр Нұрхатова.

Жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауы, жылдамдықты арттыру, тәжірибесі аз жас жүргізушілердің басқаруы, т.б. салдарынан орын алуда. Сондықтан БҚО тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға жол үстінде жол ережелерін қатаң сақтауын талап етеді.

Жыл сайын көлік санының артуымен бірге жол-көлік апаттары да көптеп орын алуда. Биыл жыл басынан балалардың қатысуымен 38 жол-көлік оқиғасы орын алса, оның ішінде төртеуі қаза болды, 43-і әр түрлі дене жарақаттарын алды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
14 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
23 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
93 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»