8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қаңтар 2021 2027 0
Қоғам

«АБАЙДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТӘРБИЕ АРНАСЫНДА»

Орал және Семей қалаларындағы  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен өткен «Абайдың рухани құндылықтары тәрбие арнасында» ғылыми-тәжірибелік конференциясы аяқталды. Күн тәртібінде толық адам концепциясы аясындағы игі жобалар, жаңа заман оқушыларына тәрбие құндылықтарын сіңірудегі маңызды сұрақтар, жатақханадағы тәрбие жұмысын Абайдың шығармаларындағы мәңгілік құндылықтармен үндестігі, қосымша білім берудің тәрбие құндылығын сіңірудің маңызды құралы ретінде тақырыптары қозғалды.

– Абайдың оқу-білімге, ар, имандылық, ынсапшылдық, еңбекқорлық, талапкерлік сынды қасиеттерге үндеген этикалық ой-пікірлерін үлгі етіп,  ақынның  ағартушылық бағыттағы еңбектерін зерттеу арқылы оқу-тәрбие үдерісіндегі жаңа бастамаларға қолдау көрсеткіміз келді, – деп атап өттіОралдағы зияткерлік мектептің директоры Айдарбек Айтпукешев.

Шараның шымылдығын Абайға арнауымен айтыскер ақын, ұстаз Назгүл Кәрімова ашып берді. Конференцияның пленарлық отырысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ даму департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ хәкім мұрасының рухани кемелдену мен жаңғырудағы маңызын атап өтсе, сонымен қатар  Семей және Ақтау қалаларындағы НЗМ Абай мұрасы құндылықтарының тәрбие жүйесінен көрініс табуы таныстырылды. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директорының ғылым бойынша орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева ұстаздар қауымының тәрбие үрдісін хәкім мұраларымен байланыстыратыны қуантатынын ерекше атап өтті.

Қос өңірдің 300-дей мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, жатақхана тәрбиешілері,  қосымша білім беру педагогтері «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек…», «Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»  «Интернатта оқып жүр, Талай қазақ баласы…», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа…» секциялары бойынша тәжірибе алмасты. Ал оқушылар  «Талаптың мініп тұлпарын» секциясында  көлемінде «Қазақша уикипедия» сайтына  эссе жазды.

Адамзаттың  білсем, көрсем деген жаңалыққа құмар кезеңі ұлттық мұратты бекіте түскендей. Бүгінде қазақ рухының кеңістігінде адамзаттың перзенті атанған Абай тағылымымен  күллі қазақ жұрты кемелденіп, ұрпақтың санасы хәкімнің асыл мұраларымен толысуда.  Дана Абай: «Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл »  дейді.  Бүгінгі ұрпақ өмір мақсаттарының терең сырын Ұлы Абай қалдырған  мұралардан табатыны айдай анық. Конференция қатысушылары осындай ортақ пікірге келді.

Айдана ХАМИДУЛЛИНА,

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»