АҚ ЖАЙЫҚ ЖАСТАРЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ГҮЛ СЫЙЛАДЫ
8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Ақ Жайық жастары мен «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері қала көшесінде ерекше акция ұйымдастырды.
Әр әйелдің өміріндегі ерекше сәтте оған гүл сыйлау дәстүрге айналған. Осы орайда өңір жастары мереке қарсаңында қыз-келіншектерге тосын сый жасауды ұйғарыпты. Музыкалық аспаптармен қала көшесіне әуелетіп шыққан олар кездескен қыздар мен әйел-аналарға қызғалдақтар мен мерекелік құттықтау хат табыс етті. Ізгі шара қоғамдық көліктерде де жалғасын тапты.
Дәл осы акцияның өтуіне қалалық мәслихат депутаты Нұрғали Жолдасқалиев қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған.
«Jas Otan» Жастар қанаты төрағасының орынбасары Ерлік Шамғалиевтың айтуынша, Аруларға гүл сыйлау алдағы күндері де жағасын табады. Акцияның алғашқы күні 100-ден астам қызғалдақ сыйланған.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу