8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Мамыр 2025 2627 0
Еске алу

Ақ Жайық жұрты ерлікке тағзым етті

Бүгін, 9  мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына орай «Мәңгілік алау” алаңына жиналғандардың қарасы көп болды.

 

1945 жылғы 9 мамыр – адамзат тарихындағы ең қастерлі де, құрметті, киелі де,құдіретті күн. Дәл осы күні бес жылға созылған соғыстың ең соңғы нүктесі қойылды. Жиырмасыншы ғасырда ғаламшар тағдырын айқындап берген бұл Ұлы оқиға адамзат жүрегінде мәңгі жазылып қалды. Бүгінгі ұрпақ сол ата – бабамыздың ерліктері мен қаһармандық істері алдында мәңгі қарыздар.

Жеңістің 80 жылдығына орай оздырылған шара әскери оркестрдің орындауындағы патриоттық музыкамен басталды. Бұдан соң майданда қаза тапқандарды жиынға келгендер бір минут үнсіздікпен еске алды.

Одан әрі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімін БҚО әкімі Н.Төреғалиев, соғыс ардагері К.Кочережкин, «Ауыл» партиясының төрағасы С.Егізбаев бастап барды. Сондай- ақ депутаттар, құқық қорғау органдарының, қоғамдық кеңес мүшелері, этномәдени бірлестіктері, спортшылар, мемлекеттік орган өкілдері,білім саласының қызметкерлері, жоғары, арнаулы, орта оқу орындары гүл шоқтарын қойып, қан майданда шейіт болғандарға тағзым етті.

Сонымен қатар «Бауырластар зираты», Г.Жуков , Т.Масин, «Ол күндердің даңқы өшпейді» ескерткіштеріне де гүл шоқтары қойылды.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»