АҚ ЖАЙЫҚ ӨҢІРІНЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Батыс Қазақстан облысы Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға алғашқы гуманитарлық көмекті жолдады.

Арыста орын алған төтенше жағдайға байланысты Орал қаласында гуманитарлық көмек көрсету пункттері ашылған болатын.
– «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалы Арысқа көмек шараларын қолға алды. Бұл іске «Жас Отан» жастар қанаты және бастауыш партия ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы үн қосуда. Қазақстан халқы әрқашан бірлігін көрсетіп келеді. 2011 жылы біздің өңірде су тасқыны болған уақытта еліміздің әр түкпірінен көмек алып, еңсемізді тіктедік. Сол сияқты арыстықтар да біздің қолдау-көмегімізді сезінсе дейміз, – дейді Нұр Отан партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен.
Бүгін алғашқы жиналған гигиеналық заттар мен азық-түлік өнімдері және киім-кешек қос жүк көлігіне тиелді.
– 12 тонна макарон, 5 тонна ұн, 2,5 тонна күнбағыс майы, 1,6 тонна консерві, кондитерлік өнімдер 500 келі шұжық, тауық еті жиналды. Бұдан бөлек гигиеналық заттар, балалардың тамақтары мен жаялықтар бар. «Алтындар» дүкендер желісі балаларға тәттілер, Орал трансформатор зауыты 1 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 100 дана аяқ киім және жаздық киімдер алып берді, – дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақдәулет Ыбрайымов.
Бұл көмекті «Белес Агро», «Желаев нан өнімдері», «Теректі май комбинаты», «Кублей», «Жайық ет», «Орал трансформатор зауыты», «KazStepServices», «Батыс Продукт» компаниялары мен «Алтындар», «Жәңгір хан» сауда үйлері ұсынды.
Сондай-ақ облыс әкімшілігінен бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы, кәсіпорын қызметкерлері бір күндік жалақыларын облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аударуда.
Айта кету керек, Орал қаласында гуманитарлық көмек үш пунктте қабылданады. Олар Н.Назарбаев даңғылы, 188 (1-қабат, 101-кабинет), Қадыр Мырза Әли көшесі, 18 (3-қабат «Бастау» коворкинг орталығы), Ж.Молдағалиев көшесі, 19 (1-қабат, 109-кабинет) мекенжайларында орналасқан. Гуманитарлық көмекті қабылдау жұмыс аптасының соңына дейін, яғни 28 маусымға дейін жалғасатын болады.


Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу