АҚ ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ ҚАЗАНДА ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ
Бүгін Оралдағы Ресей Федерациясы елшілігі ғимараты алдында Ресейдің Қазан қаласындағы атыс кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасы ұйымдастырылды. Қала тұрғындары, өңірідң белсенді жастары бір минут үнсіздік жариялап, қайғылы оқиғада көз жұмған жандарға арнап гүл шоқтарын қойды.
Айта кетейік, 11 мамыр күні Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектеп гимназиясында жантүршігерлік оқыс оқиға орын алған еді. Белгісіз екі азамат сағат 9.20 шамасында мектеп ішінде атыс ұйымдастырған. Сол уақытта білім ұясында 700-дей оқушы мен 70 шақты мұғалім болған.
Оқ жаудырған осы мектептің төрт жыл бұрынғы түлегі екені анықталды. Бұған дейін таратылған мәліметтер бойынша атыс кезінде 9 адам бақилық болды, 20-дан астам адам зардап шеккен. Бүгінде 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Елшілік ғимараты алдында өткен қаралы жиын кезінде облыстық Жастар саясаты басқармасының бас маманы Әділгерей Зұлхаров «Ақ Жайық жастары» бұл жағдайды күйзеліспен қабылдағанын, бейбіт күні адам шығынына алып келген оқиғаға орай көршілес елдің қайғысына ортақ екенін жеткізді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу